Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандықтардың неше пайызы кеңжолақты интернетпен қамтылады?

09.06.2020, 12:15 858

HALYQLINE.KZ  ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі биыл Қазақстандағы 6 341 ауылдың 5 163-і интернетпен қамтылатынын хабарлады.

Бүгінгі таңда, елімізде 118 қаланың тұрғындары (бұл шамамен 11 миллион адам) және 4 235 ауылдық елді мекен (бұл тағы 7 млн адам) ұтқыр кеңжолақты (ҰКЖҚ) интернетті пайдалана алады. 2020 жылдың соңына қарай тұрғын саны 250 және одан асатын халқы бар ауылды елдімекенде 3G/4G ұялы байланыс желілерін салу жобасының шеңберінде 928 ауылдағы 600 мыңнан астам тұрғынды (барлық халықтың 3,3 пайызы) ҰКЖҚ интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған. Аталған жобаны іске асырудың арқасында 6 341 ауылдың 5 163-і интернетпен қамтылады.

Жалпы, 2020 жылдың соңына қарай 3G және 4G ұялы байланыс желілерін салу арқылы интернетпен қамтылған халықтың үлесі 99,3 пайызды құрамақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: