Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пандемияда YouTube статистикасы қалай өзгерді?

15.08.2020, 11:00 728

HALYQLINE.KZ Yoola медиакомпаниясы YouTube видеохостингіне талдау жасап, 2020 жылдың бірінші жартысына арналған статистикасын жариялады.

Пандемия кезінде көрілім саны 30%-ға өскен, лайк 52%-ға жиірек қойылатын болған, ал дизлайк тіпті шарықтап кеткен – 75%.

Қолданушылар сенбі мен жексенбі күндері видеохостингіге жиі кіреді. YouTube аудиториясының 40%-ы дәл демалыс күндері видео көреді және көбіне смартфоннан көретін болған – 70%. Ал Android vs IOS күресінде Android-тың үлесі көбірек – 72%.

YouTube-тің белсенді аудиториясы – әлі де сол 25-35 жас аралығындағы қолданушылар, одан кейін 13-17 және 18-24 жас аралығындағы көрермендер.

Пандемияда әйелдердің үлесі 3,6%-ға артқан, бірақ ерлердің үлесі әлі де басым (61%).

Видеохостингідегі танымал тематикалар аса қатты өзгермеген, тек гейминг арналарының үлесі артқан – 27%, одан кейінгі орында – ойын-сауық сегменті мен балалар контенті. Ойын-сауық сегментінде фильмдерге жиі шолу жасалатын болған және музыканың үлесі артқан.

Ең маңызды статистика, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында таным, білім контентінің көрсеткіші едәуір өскен – 74%.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: