Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Google Maps-қа коронавирус туралы деректер енгізілді

24.09.2020, 17:00 517

HALYQLINE.KZ Google картасында қолданушыларға белгілі бір аймақта коронавирус жұқтырғандардың санын көруге мүмкіндік беретін жаңа қабат пайда болады. Бұл туралы компания сайтында жазылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зерттеушілер Google Maps қолданушылары бұл мүмкіндікті қосып, 100 мың адамға шаққандағы жағдайлардың санына негізделген түрлі-түсті картаны көре алатынын түсіндірді. Сондай-ақ, соңғы 7 күнде көрсеткіштің өскенін немесе төмендегенін көрсететін белгілер пайда болады.

«Функция сізге әлемде қауіпсіз жүріп-тұруға көмектеседі. Сіз өзіңіздің аймағыңыздағы жаңа COVID-19 жағдайлары туралы ақпаратты көре бастайсыз», – деп жазады Google Maps.

Онда бұл мәліметтер жергілікті және үкіметаралық ұйымдардан ақпарат алатын Джонс Хопкинс университеті, Нью-Йорк Таймс және Википедия сияқты бірнеше ақпарат көздерінен алынатыны атап өтілді.

Жаңа қосымша функция 220 елде жұмыс істейтін болады. Кей елде тіпті қаланың белгілі бір аудандарындағы ауруға қатысты ақпарат көрсетіледі. 

Google Maps Android және iOS-та жаңарды. Компания сонымен қатар коронавирусқа қатысты тағы бірнеше жаңа қызмет жасауға уәде етті.

Еске салайық, Google компаниясы коронавирус пандемиясы кезінде бүкіл әлемдегі қолданушылардың орналасқан жері туралы есеп беретін Community Mobility Reports қызметін іске қосқан еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: