Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ең ақылды бетперде жасалды

17.01.2021, 15:00 1069

HALYQLINE.KZ  «Razer» ойын компаниясы әлемдегі ең ақылды бетперде жасадық деп есептейді. Бұл жайлы BBC хабарлайды. 

Ол кіріктірілген микрофонмен ерекшеленеді. Мөлдір пластиктен жасалған. Бұл масканың ерін арқылы оқитын, мимикалық белгілерді қабылдайтын мүмкіндігі бар.

Мөлдір бетперде – жаңалық емес, нарықта көп. Бұл бетперденің айырмашылығы – RGB жарығы. Яғни, қараңғыда бетперде іші автоматты түрде жарық боп тұрады. 

Сондай-ақ, ол бактериядан, вирустан және ластанған ауадан қорғайды. Өзгелермен қарым-қатынасқа кедергі келтірмейді. Терлетпейтін және көмірқышқыл газының жиналуына жол бермейтін желдету клапандары бар.

Құлақ ілмектеріне тоқталсақ, құлаққа қатты қысым жасамайды. Ішіндегі микрофон дауысты күшейтеді. 

Бетперде арнайы кейсте сақталады. Ол ультракүлгін сәулесінің көмегімен микробтарды жоюға жауап береді. 

Project Hazel сатылымға шығу уақыты мен бағасын әлі хабарлаған жоқ. Себебі дизайн жақсартып, жаңа функциялар қосуды жоспарлайды.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: