Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

2025 жыл: цифр мен «сиқыр»

16.05.2020, 15:00 1152

5G және 251 млн АҚШ доллары

HALYQLINE.KZ Қазақстанның өркениетті елдер көшіне ілесу бағытындағы бағдарламалары жетерлік. Солардың қатарында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы да бар. Онда байланыс желілерін қамтуды кеңейту, контурды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларын алдын алумен кеңжолақты деректерді берудің жаһандық желілеріне қолжетімді инфрақұрылымын дамыту мәселелерін қамтиды. Деректерді берудің қолжетімділігі, тұрақтылығы және қауіпсіздігі аталған бағдарламаның және ақпараттық технологиялар мен цифрландыру мәселелерімен байланысты. Басқа да бағдарламалардың барлық бастамалары үшін қажетті техникалық негіз болып табылады. Бастама байланыстың спутниктік жүйесін жаңғыртуды, ауылдық елді мекендерге дейін талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ – ред.) дамытуды, транзитті потенциалды арттыруды және цифрлық телерадио хабарларын кеңейтуді қамтиды.

«Қазақтелеком» АҚ қазіргі күні LORA, Zigbee және LTE технологиялары негізінде ТМД-дағы ең ірі M2M/Internet of Things желісі құрылысы жобасының бірінші кезеңін аяқтады. Желі «Things of Internet» нарығының барлық сегменттерін, яғни B2C сегментіндегі пәтерлер, жеке үйлер мен кіреберістер, B2B/B2G сегментіндегі қалалардың көше аумағы, көппәтерлі үйлер, кеңсе ғимараттары, өндірістік нысандар мен автомобиль жолдарын қамтиды.

 – Ғаламдық негізгі үрдістерді ескере отырып, «Қазақтелеком» – жаңа интернет нарығын қалыптастыруға белсенді қатысатын бірден-бір компания. Бұл IT индустриясының келер онжылдығының негізгі драйвері болатыны анық. Біз бірқатар жобаларды жүзеге асырамыз, ықтимал өтініштер мен бизнестің модельдерін зерттеп, әзірлеушілермен, MWC 2018 құрылғылар дистрибьюторларымен және басқа да нарық қатысушыларымен әріптестік байланыс орнатудамыз, – деген болатын «MWC – 2018» көрмесі аясында «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Елімізде IOT нарығы сақадай сай, соңғы құрылғылардың құны мен энергиялық тиімділігін болжайтын «Қазақтелеком» келешекте 4G және 5G желілері негізінде NB-IoT шешімдерін әзірлеуді қарастыруда. Оларды жүзеге асыру ұялы IoT шешімдерінің қажеттілігі мен құрылғы экожүйесінің жеткілікті түрде дамуына ықпалы бары анықталып отыр. Бұдан біз 5G жылдам жүйесінің болашақтың технологиясы, өркениет тиімділілігі екенін аңғарамыз. Егер даму перспективасы жылдам әрі қауқарлы деңгейлі жүргізілсе, 2025 жылға қарай Қазақстанда 100 млн-ға жуық құрылғы IoT-ке қосылады, бұл ұялы байланыс нарығының әлеуетінен 3,5 есе көп. Дәл осы 2025 жылы елдегі нарық көлемі 251 миллион АҚШ долларына жетеді деген болжам бар. Міне, тартымды технология, игілікті интернет желісі – осы.

Кеңжолақты 5G-ге қол жеткізген елдер бар ма?

Сіз білесіз бе, Ұлыбритания ұялы технологияның келесі буынына теңесіп тұрған 5G технологиясы бойынша жаһандық көшбасшы болуға ұмтылуда. Өйткені бұл бизнесті алға жылжытуға, динамикалық бизнес модельдерін шығаруға және жаңа мүмкіндіктер мен нарықтарды ашуға мүмкіндік береді. Ұтқыр технологиялар дамып келе жатқан сұранысқа сәйкес болу үшін үнемі ізденіс үстіндегі ел өзге елдерден қалыс қалуды намыс санайды. Әлем сарапшыларының айтуынша, 2020 жылға қарай ғаламдық мобильді трафиктің ай сайынғы жылдамдығы 30,6 экзабит-1 болады деп күтілуде. Ал Қытайда 2020 жылы іске қосылғаннан бастап бес жыл ішінде 5G байланысы 428 миллион доллар табыс әкеледі деп болжануда.

Қазіргі қолданып жүрген 4G технологиясымен салыстырғанда 5G деректер жылдамдығын 10 есе арттыруға қауқарлы. 2020 жылға қарай Еуразиялық одақ елдерінің барлығында 5G қызметтері болуы міндетті, 2025 жылға дейін қалаларда және негізгі көлік жолдарында үздіксіз қолданылуы басты шарттардың қатарында. Бұл жаңашыл технология әчіресе ұялы телефон индустриясы мен инфрақұрылымын дамытуға айтарлықтай үлес қосады. 5G кеңжолақты қарқынды интернет желісі бүгінде Катарда қол жетімді, сондай-ақ, Ирак, Оман, Палестина, Мальдив аралдары, Сингапур, Алжир және басқа елдерде базалары бар. Ал біздің елге жоғарыда айтқандай тек 2020 жылы ғана үміт бар.

Көптеген елдердің тәжірибесі көреткендей, ұялы байланыс стандартының жаңа буыны әр он жыл сайын жаңарады. Мәселен, 1981 жылы бірінші стандарт -1G, 1992 жылы – 2G, 2001 жылы – 3G, 2010 жылдың аяғында 4G енгізілді. 2020 жылға дейін 5G стандартын енгізу күтілуде. 5G ұялы байланысын Қазақстан аумағына енгізу – Халықаралық электр байланысы одағымен 5G стандартын қабылдағаннан кейін мүмкін болады.

Бұл ең алдымен, жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етеді. Екіншіден, пилотсыз көліктер жүргізуге мүмкіндік береді. Мысалы, 4G мобильді байланыс технологиясымен салыстырғанда жылдамдығы қырық есе артық технологияны ұсынады. Интернет еш кедергісіз жұмыс істеген кезде, көптеген артықшылықтарға қол жеткіземіз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: