Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жақсыны жатқа қимаған

01.03.2020, 12:00 665

«Құнанбай» фильмінде қазіргі қазақтарға (əсіресе ер жігіттерге) қатысты жақсы бір эпизод берілген. Ол – Құнанбай мен округ сұлтаны Барақ арасындағы текетірес.

Жесір дауында Барақ Құнанбаймен келіспей, оған қарсы шығып, соңында тіпті төбелеске де шақырады. Қысқасы, екеуі осы жиыннан соң, пікір қайшылығынан кейін бір-біріне «жау» боп шыға келеді.

Кейін Құнанбайды жер дауы бойынша айыптап, орыстар оны итжеккенге айдатып жібереді.

Барақ Құнанбайдың басына түскен ауыр жағдайды естіп, оны жазадан сақтап қалу үшін есепсіз жылқысын шығындап, салым (залог) салып, итжеккеннен аман алып қалады.

Барақ «о, жақсы болды, сол Құнанбайдан құтылдық па əйтеуір» деп пендешілікке бармады, оның жазаға кесілгеніне қуанбады. Керісінше, азаматын аман алып қалудың харекетін жасады.

Есті бабаларымыз жақсысын жатқа қимаған…

Осы эпизодтар бүгінгі қазаққа ғибрат алар үлкен үлгі өнегенің үлгісі деп білем.

Қазір өзіне телміртіп қойған əлеуметтік желі бетінде болмайтын нəрсе үшін тұқым тұяғына дейін қарғап, боқтап, пендешілікке салынып, сөзбен салғыласып жүрген жігіттерді көп көріп жүрміз…

Абай бұ қазақтың бір болуын, бар болуын тілеп «біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бəрі бос» демеді ме…

Махамбет бабамыз: «Азамат, сені сақтадым, Бір ісіме жарар деп…» деген сөзінде үлкен мән жатыр…

Амандық Есқали

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: