Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кенесары ханның кегін кім қайтарды?

11.10.2020, 15:00 1511

HALYQLINE.KZ «1807 жылы Қыдыралы би қайтыс болды. Дәл сол жылы Арғанаты тауларының шығысында, Тасқора шатқалында оның немересі, Дөсет бидің ұлы Тәнеке дүниеге келді» деген мәлімет қалдырған.

ХIХ ғасырдың басында қазақ халқы Орта Азия, оңтүстік шығысында Қытай хандықтарының ықпалында болғаны аян. Бұл хандықтар қазақ халқын алым-салықтарымен тұншықтырып, малын талан-таражға салып, тартып алып, мал бағатын өз жерін өздеріне бермей, үстемдік қылған заман еді. 1820 жылдары бүткіл қазақ жерінде қазақ халқы өз тәуелсіздігі үшін кезекті рет күреске шыққандығы ақиқат.

Тарихта үш жүз бірігіп бастаған ұлт азаттық күрес Жетісу өлкесін де айналып өтпеді. Кенесары Қасымұлы көтерілісі бүткіл қазақ даласын шарпып, Жетісуға да оның бір ұшығы жеткен болатын. Тәнеке батыр Кенесары ханға орасан зор қолдау көрсетіп, ханның қырғыз еліне Жетісу өңірі арқылы өтуіне үлкен ықпал жасады. Ал осыдан кейін қырғыз манаптарының Ресей патшалығына сатылып, Кенесарының басын алып, Қапал, Аягөз арқылы Омбыға жібергенін естіген Тәнеке батыр Жетісу жерінен матай, садыр, арғы беттен қызай елінің руларынан 2000-ға жуық қол жинап барып, қырғыз манаптарын аямай жазалайды, құлдыққа жегеді. Бұл – тарихи шындық, тарихшы Ермахан Бекмұханбетов осы оқиғаны атап көрсеткен.

(Әлеуметтік желіден алынды.)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: