Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Хан көтеру салтының барысы қандай?

03.01.2021, 10:00 1633

HALYQLINE.KZ Қазақта бүкіл Қазақтың ханы, Жүздің ханы, Ұлыстың ханы дегендер бар. Ал, ұлыстың ішіндегі рулардың билеуші төрелері хан аталмайды, тек сұлтан өресінде болады.

Бір адам бүкіл Қазаққа хан сайланса онда Қырғыз, Құрама, Қарақалпақтан тыс, Хиуа, Бұхар, Қоқан, Қызылбас, Жоңғар, Башқорт, Сібір, Алтышаһар, Орыс мемлекеттерінің уәкілдері шақырылып құттықтауға қатысады.

Ал, Жүздің ханы сайланса қалған екі Жүздің мәртебелілері мен хандыққа жартылай қарасты Қарақалпақ, Қырғыз, Құрама елдерінің билері салтқа келіп қатысады. Бір ұлыстың ханы сайланса, оған сол Жүздегі негізгі ұлыстардың адамы келіп қатысады.

Мен сіздерге Абақ Керей елінің хан сайлаған кезін суреттеп берейін.
Барша Қазақтың ханы Абылайдың әулетінен болған Әбілпейіз сұлттанның Қырғыздан алған әйелі Тұмар ханымды Көгедай, Сәмен, Жабағы деген үш баласымен, басқа атқосшыларымен бірге Абақ Керей елі өз ішіне көшіріп алады. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданының орнында Абақ Керей елі ұлан-асыр той жасап, үш баланың үлкені Көгедайды Абақ Керей елінің ханы етіп сайлап, Орта Жүздегі Ашамайлы Керей, Қоңырат, Арғын, Уақ, Қыпшақ, Найман ұлыстарының сыйлы адамдары мен хан ұрпақтары шақырылады. Көгедайды хан етіп бекіткен соң, 12 рулы Абақ Керейден 12 балуан жігіт шығарып, Көгедайды ақ киізге отырғызып, 12 жігіт оны ақ киізге отырғызған күйі иығына Қалба тауының төбесіне көтеріп шығады. Ақ киізге көтеру салты жасалып болған соң, 12 рудан 12 би шығып өз руларының атынан ханға ант беріп қарсы шықпайтынын, бойсұнатынын айтады да, қолдарына Құран ұстап, ақсарбас қой сойып, қолын оның қанына матырған.

«Сарыарқа» тобынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: