Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Алаш қайраткерлерінің атылуы – ұлт үшін трагедия»

13.04.2020, 9:37 730

HALYQLINE.KZ –| Мен 17 жасымнан бастап архивке кіріп көрдім. Шаң басқан архивте жұмыс істедім. Содан мынау демікпені де жұқтырдым. Дем жетпей қалатын сәттер болады. Өйткені шаң тозаңмен жұмыс істегеннен кейін адамның организмі әлсірей бастайды. Сол архивте отырып жылаған сәттер өте көп болды. Алматыдағы орталық архивтің 64-ші, 25-ші, 18-ші фондтары бар. Бұл – фондтар өте ауыр фондтар. «Совершенно секретно» деген документтер берілген.

Алаш заманының, советтік қайраткерлердің атылуы сол архивтерде анық, шынайы жазылған. Бір-бірінің төбесінен жазылған доностар, бірін-бірі қорлаған, бірін-бірі қулатқан, бірін-бірі өлтірген замандар… Тіпті, мен жақында Ілияс Есенберлиннің архивімен жұмыс істедім. Сонда таңғалдым. Хамза Жүсіпбек деген Алаш қайраткері болған. «Егемен Қазақстанда» бас редактор қызметін атқарған. Ілияс Есенберлин сол Хамза Жүсіпбектің Диляра деген қызын алған. «Халық жауының» қызын. Есенберлин 1915 жылы туған. Міржақыптың қызы Гүлнар Дулатовамен бірге оқыған. Сол Есенберлин қазақтың бес ғасырлық тарихын жазды. Көшпенділерді. Сол Көшпенділер Ленин атындағы ең үлкен сыйлыққа ұсынылған кезде біздің өзіміздің қазақтар, өзіміздің бүгінгі көзі тірі 95-ке келген әдебиттің патриархы Әбдіжәміл Нұрпейісов, Зейнолла Қабдолов, Тахауи Ахтанов сияқты ағаларымыз… Әбіш Кекілбаев бар арасында мақтайтын. Осы кісілер Мәскеуге арыз жазады. «Есенберлин бұл романға татымайды, бұған бермеңдер» деп. Сөйтіп Есенбериннің сағын сындырғанбыз. Есенберлин – 16 жылда 25 роман жазған адам. Барлығы қазақтың тарихы. Сөйткен Есенберин жүрек талмасынан қайтыс болды. Кім кінәлі? Тағы да өзіміз. Міне, архив осындай дүние. Біз осыдан сабақ алуымыз керек. Өзімнің қатарластарым болашақ жас өскіннің рулық санамен ауырғанын, жершілдікпен жікшілгенін қаламаймын! Бізде бір ғана нәрсе бар. Ұлт. Қазақ. Болды.

Тарихтың ақтаңдақ беттері ашылады. Қазақтың өзінің мақалы бар «Жүз жылда қазан, елу жылда ел жаңа» дейді. Сондықтан ел жаңару керек, жасару керек. Ой ауысады, көзқарас өзгереді. Ұстанымдар ауысады. Қазір бізге өткенді сынау, өткенге айту оңай да шығар. Өйткені біз ол заманның қоғамдық, әлеуметтік, саяси жағдайын білмегеннен соң. Бәлкім мен де кешегі Әбділдә Тәжібаев, Мұхамеджан Қаратаев сияқты болуым да мүмкін ғой. Өйткені, таңдау басқа еді. Сондықтан сол жағынан да ойлау керек еді. Бірақ әр нәрсенің екі ұшы бар емес пе? Екі жақты қарап, екі жақты елеп-ескеру керек. Бұл да – болашақ зерттеушілердің, архивистердің міндеті. Біздің жазатын тарихымыз ішкі бірлігімізді, ынтымағымызды, тұрақтылығымызды сетінетпеу керек. Сырттың ашкөздгін, алагөздігін тудырмау керек… Арбаны да сындырмайтын, атты да өлтірмейтін ұлттық отан тарихын жасап шығуымыз қажет. Сол көзқарастағы жаңа ғалымдар шоғырын, жаңа жазушылар шоғырын қалыптастыру міндет.

Елдос Тоқтарбайдың «Жетісу»

телеарнасына берген сұхбатынан үзінді

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: