Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Талғат Теменов: «Құдайға құлшылық еткеннің бәрі адал емес»

16.06.2020, 16:40 633

HALYQLINE.KZ

1. Талап пен Жігер болса, шынашақтай адам да шыңға шығады.

2. Түс көргенде сағынып оянатын адам бары қандай ғанибет?

3. Қоғами мәселелер алдыңғы қатарға шыққанда адами қасиеттер: Сұлулыққа сұқтану, әуенге еліту, Іңкәрлік, Жақсы көру, сағыныш, вагондағы терезеден алысқа көз салып Армандау деген ұғымдар екінші планға жылжиды..

4. Біздің қоғамда партияны сынауға, мінеуге болмайды. Орысша айтқанда “табу”. Ол дұрыс емес. Партия да – тірі организм. Оның да қателігін айту керек. Өсеміз десек…

5. «Әншейіндегі жайшылықта емес – қиын-қыстау қиналғанда Адамгершілікті жоғалтпау Азаматқа ғана тән.

6. Бұрын сынақтардан қорқушы ем.. Қазір «сымақтардан» қорқатын болдым… Ақынсымақ, әкімсымақ…т.б.

7. Құдайға табынудан да Көсемге табыну қиын.

8. Жалған ұран да жәлаптықтың бір түрі.

9. Ұлтқа қызмет ету – Балаңды тәрбиелеуден басталады…

10. Ақыл айту – ақылдылықтың белгісі емес…

11. Біреулердің басы бар да – көзі жоқ.
Біреулердің тілі бар да – сөзі жоқ…
Асан Қайғы Жер ұйығын таппады ….
Ал шындықтың аты бар да – өзі жоқ…

12. Отанға деген Махаббатты айғайлап айтпайды…

13. Тәніңді жалаңаштау – кез келгеннің қолынан келетін шаруа. Aл жаныңды жалаңаштау ол – азап, ол – қорқыныш, ол – төменге түсер сатыдай тар жол тайғақ кешу… Бұл кез келгеннің қолынан келе бермейді… Бұл – Aқынның тағдыры…

14. Құдайға құлшылық еткеннің бәрі Адал емес…

15. Режиссер тек ғана актерлардың ғана ұстазы емес, ол – көрерменнің де ұстазы…

16. Депутат болу – данышпандықтың белгісі емес…

17. Ана тіліңді құрметтеу – Қазақ болып туғаныңа мақтану және Қазақтың кез келген жерін Менің Отаным деп сезіну – бұл Патриотизм!

18. Үш нәрсеге қорқам: Елу жылдан соң қазіргі  Қазақ тілі дәл қазіргідей бола ма, болмай ма деп қорқам, екінші, елу жылдан кейін қазіргі Қазақ жері дәл осы қалпында қала ма, жоқ қалмай ма деп қорқам. Үшінші, әлеуметтік жағдай қиындай берсе қаскүнемдердің кесірінен халық көшеге шығып нақақтан қан төгіле ме деп қорқам

19. Ана тіліңді сақтау алдымен Ер азаматтарға байланысты, ал Ұлтыңды сақтау алдымен қыз-келіншектерге, яғни әйелдерге байланысты.

20. Патриотизм – Ұлттық арнаны көруден басталады

21. Үш шыдамсыздық: Ораза кезінде ауызашарға 15 минут калғанда шыдамсызбын, Алыс сапардан келгенде аэропорттан үйге жеткенше шыдамсызбын, мен шығармамды қарындашпен жазам… соны компьютерге тергенше шыдамсызбын.

22. Үш қиналыс: Қазақтың  жап-жас қыз-жігіттерінің өзге тілде сөйлеп, ана тілін білмегеніне қиналам, Еңгезердей 4-5 полицейлердің шырылдатып әйел мен кемпір шалды автозакқа тыққанына қиналам, Қазақтың бар байлығы шикізат боп шет ел асып, өзіміздің өңдейтін завод-фабриканың жоқтығына қиналам.

23. Үш мақтаныш:  Қазақ болып туғаныма мақтанам, Балаларымды Азамат етіп өсіргеніме мақтанам, қандай қиын кезде де мен Өнерімді, Өнер мені сатпағанына мақтанам.

24. Үш өкініш: Москвада қалмағаныма, «Мосфильмнен” кеткеніме өкінем. Бұрын: Санасыз ғұмырымның саналы уақыттарын көрінген шенеуніктің кабылдау бөлмесінде өткізгеніме, Қазір Санаулы ғұмырымның санасыз уақытын смартфонда өткізетініме өкінем.

25. Депутат көп – дуалы ауыз жоқ.

26. Жұлдыз көп – жылуы жоқ, Мисстер көп, сұлуы жоқ…

27. Ауыл бар, Анасы жоқ, Ғалым бар, Данасы жоқ…

28. Қазір ақшаға сатып алуға келмейтін аз-ақ нәрсе қалды: Ол ақыл, яғни Ой, сонан кейін Бой… Және құдай берген Дарын…

29. Артист бар – бойы қысқа… Бойынан ойы қысқа… «Қайрат» бар – қайраты жоқ, Ұран бар –  Ойраты жоқ…

30. Дәрігер көп, емші аз, мұғалім көп, ұстаз аз. Тобыр бар, Тұлға жоқ. Құлақ бар, Құлға жоқ.

31. Баяғыда менің бір таныс актер жолдасым режиссерға келіп айтады екен: «Дикция бар, дауыс бар, білім бар, желание бар, ал роль жоқ» деп.. Сол айтқандай, Ораза жұмаға келді, бәріміз үйқамақта отырмыз, Дүние карантинде, жер-жерде дезинфекция, тек ана пәле Коронавирус кетер емес.

32. Өзім – үйқамақта, ал көңіл – Космоста…

33. Массовка тек сахнаға жарасқан, ал өмірдегі массовка түптеп келсең кассовка…

34. Ұятын жоғалтқан Елдің есігін екі ит күзетеді: Тендер ит пен Гендер ит.

35. Дүниедегі қиын нәрсе – Біреудің сөзін сөйлеп сойылын соям деп Өзінің қысылатыны…

36. Бірде-бір адам қалыс қалмай, қарсы шықпай қабылданған карарға мен сенімсіздікпен қараймын…

37. Ешкімге өкпелемей, біреуді ренжітпесең бұл да – Адамдық кітабыңның бір сәтті беті.

1. «Сделано в Казахстане» – должно означать не только качество товара, но и высокую марку интеллектуальных созиданий, талант творчества.

2. Артист без званий, без денег это и есть Народный артист.

3. Должность не дополняет ума, разве что кошелек…

4. Провинциальная культура более хрупкая.

5. Я бессилен перед тремя моментами: когда плачет  младенец, когда улыбается красивая девушка и когда я слышу мудрые слова.

6. Дорога к трону Славы начинается с тропинки человеколюбием.

Талғат Теменовтың фейсбук парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: