«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (0)

  • EUR: 505.25 (0)

  • RUB: 5.59 (0)

Сырбойылық журналист сюжет үшін суға сүңгіді

20.05.2020, 17:55 818 2

HALYQLINE.KZ «Qyzylorda» телеарнасының редакторы Тәжімұрат Әлжанов стендап жасау барысында суға сүңгіді. Облыс тұрғындарын суға түсу маусымында сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырған журналист сюжет түсіру сәтінде қайықтан құлай кетеді. Әрине, ерікті түрде. Бұл Тәжімұраттың таңғалдырар алғашқы стендабы емес. Бұған дейін ол қыстыгүні мұз астына түсіп, журналиске тән жанкештілігін көрсеткен еді.

«Суға түсу маусымы басталған жоқ. Дегенмен, жыл басынан бері 5 адам осы тілсіз жаудың құрбанына айналды. Жақында ғана осы дарияны жүзіп өтпек болған 96 жылы туған баланы абырой болғанда құтқарушылар құтқарып қалды. Қазір күн жылынды, бірақ…» дей бергенде қайықтың аударылып кеткенін бейнелейтін видеоны «Qyzylorda» теле­арна­сының шеф-редакторы Мөлдір Құлмырзаева фейсуктегі парақшасына жүктеді.

Видеоны көру үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: