Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Суға мас күйінде шомылған жігіттің денесі табылды

05.08.2020, 17:40 323

HALYQLINE.KZ Қызылордалық құтқарушылар бүгін Сырдария өзенінің Тасбөгет кентіндегі бөлігінен 25 жастағы жігіттің денесін алып шықты.

Іздестіру жұмысы 4 тамыз күні сағат 21:30 шамасында басталған.

«Қала тұрғыны жабдықталмаған жерде мас күйінде шомылған. Оның денесін іздеп табуға жедел құтқару жасағының күші жұмылдырылды», – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Қайғылы жағдайлардың барлығы тұрғындардың тыйым салынған қауіпті су айдындарында суға шомылып, қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болуда.

Құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарына жазғы суға шомылу маусымында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және тыйым салынған қауіпті аймақтарда және мас күйінде суға шомылмау жөнінде ескертеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: