«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.05 (1.18)

  • EUR: 509.29 (4.04)

  • RUB: 5.58 (-0.01)

Статистикасоққырлар-ай…

25.04.2020, 22:12 228 1

HALYQLINE.KZ –| Жыл сайын ана аурудан бәленше адам, мына аурудан түгенше адам өледі ғой деген статистикаға жүгінетіндердікі рас. Ал енді мынаны қараңыздар. Жыл сайын көлік апатынан бәленбай мың адам өледі. Ол өлімдерге мән бермейміз. Ал ұшақ апатынан бір өлгенде 200-300 адам бір-ақ кеткенде қабырғамыз қайысады. Неге? Өйткені бір мезгілде, тосын, ешкімге көмектесіп үлгеру мүмкін емес. Айталық, ай сайын он мың теңгеміз жоғалып отырса, налығанмен, мән бермейміз, байқалмай қалуы да мүмкін. Ал бір жоғалғанда 120 мың теңге бір-ақ кетсінші, қандай боламыз?

Осы жағдайлардың ұқсастығы жоқ дейсіз бе? Жыл сайын рактан, жүрек талмасынан бәленбай адам күн сайын, екі күнде бір өледі, ал коронавирус бұрқ ете қалса, күніне мыңдаған адам ауырып, жүздеген адам өлуі мүмкін. Жүрек талмасы, ракпен ауырғандарды кезекке қойып, ретімен емдеп шығаруға болады. Ал коронавируспен бір мезгілде ауырғандарды кезекке қоя алмайсың. Бәріне бірдей көмек көрсету керек.

Біздің тұралап тұрған медицинамызды айтпағанда, ешбір алпауыт елде жан басына шаққандағы «койко-место» мен медицина персоналы саны жеткілікті емес. Үлгермейді. Соны біліп, олар үйінде отыр. Ал ана «менің бәленбай группамнан бір адам ауырмапты» деп отырғандарға айта салыңыздаршы: әлі көп адам ауырмағаны бір ғана нәрсенің – ел ішінде жұрттың бәрі сендер сияқты емес, тәртіпке бағынып, індетті таратпаудың амалын жасап, оқшауланып отырғандар барының арқасында. Ешкім үйінде отырмай қойса, қазіргі көрсеткішпен жылап көрісер едіңдер. Ал ана с*калар да тыныш отырса, тіпті нөлге дейін түсіруге болады. А, тағы бір мысал. Үйіңде тарақан қаптап кетсе, күніне біреуден тәпішкемен ұрып өлтіргеннен, бір күнде дәрілеп бәрін бір-ақ қыра салған дұрыс емес пе?

Назгүл ҚОЖАБЕК

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: