«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 422.87 (-2.62)

  • EUR: 512.1 (-0.74)

  • RUB: 5.63 (0)

Соңғы мәліметтер: Қызылорда. Коронавирус.

08.04.2020, 12:05 425 0

HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысындағы коронавирус инфекциясының 08.04.2020 жыл 08:00 бойынша ахуалы мынадай:

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелгендер қатары 72-ге жетті (Қызылорда қаласында – 9 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16 жағдай, Арал – 1, Сырдария – 7, Қармақшыда – 4, Шиелі – 35). Барлығының жағдайы бақылау барысында бірқалыпты.

07.04.2020 уақытында 12 жағдай анықталған болатын. Анықталған 11 азамат – Шиелі ауданынан, 1 азамат – Арал ауданынан.

08.04.2020 уақытында анықталған 6 жағдай Сырдария ауданынан тіркеліп отыр. Коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болған барлығы – 1014 азамат, оның тікелей қарым-қатынаста болғаны – 456, жанама қарым-қатынаста болғаны – 558 азамат.

Қарым-қатынаста болған азаматтардың инфекциялық стационарға – 66, провизорлық стационарға – 52, карантиндік стационарға – 379 азамат жатқызылған. Барлығы – 497 азамат. Коронавирус инфекциясымен Шиелі ауданында 35 жағдай тіркелді (Қодаманов ауылынан – 27 , Балаби ауылынан – 5 , Ортақшы ауылы – 1, Шиелі кентінен – 2). Бұл азаматтармен байланыста болғаны – 231 азамат, оның тікелей қарым-қатынаста болғаны – 146, жанама қарым-қатынаста болғаны – 85 азамат.

I (а) категория елдерінен Қызылорда облысының аумағына 2020 жылдың 25 наурызынан бүгінгі күнге дейін келген барлық ҚР-ның азаматтары – 2. Барлығы үй жағдайында бақылауында.

Бақылаудан шығарылғаны – 37.I (б) категория елдерінен Қызылорда облысының аумағына 2020 жылдың 25 наурызынан бүгінгі күнге дейін келген ҚР-ның азаматтарының саны – 119.

Үй жағдайында карантинде – 116 азамат. Облыс бойынша карантиндик стационарға жатқызылғаны – 3 азамат. Анализ қорытындысымен КВИ анықталмады. Бақылаудан шығарылғаны – 80.

(Қызылорда облыстық денсаулық

сақтау басқармасының мәліметтері

негізінде дайындалды.)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: