Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ШҰҒЫЛ! Қызылордада коронавирусқа байланысты қаулы енгізіледі

30.03.2020, 10:12 1130

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – КВИ) нақтыланған 2 жағдайы тіркелуіне байланысты Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1-бабы, 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес, облыста инфекцияның әрі қарай таралып кетуінің алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамовқа:

1) Облыс орталығында КВИ-ның нақтыланған жағдайы тіркелген «Мерей» мөлтек ауданы №24 үйдің (7 пәтер) бірінші подъездіне және Ақмешіт мөлтек ауданын 5 үйдің (35 пәтер) үшінші подъездіне үйге оқшауланаған адамдар үй карантині ережелерін қатаң сақтау үшін күндіз, түні кезекшілік етуге полиция және шекара қызметкерлерін тарта отырып 28.03.2020 жылдан бастап 14 тәулікке күзет қоюды;

2) Қызылорда қаласының автовокзалы мен бей-берекетсіз ашылған автотұрақтар арқылы облысаралық, қалааралық, ауданаралық автобустар, микроавтобустар, таксилер, т.б. автокөліктермен жолаушылар тасымалдау жұмыстары арнайы ескертпеге дейін 00.00 сағат 30.03.2020 жылдан бастап тоқтатуды;

3) Облыс орталығындағы саябақтар, сауналар мен массаж бөлмелері, бильярд бөлмелері, компьютер бөлмелері, интернет-клубтар, ойын бөлмелері, боулинг орталықтары, букмекерлер, лото, спорттық кешендер (үйірмелер, секциялар), футбол алаңдары, балалардың даму орталықтары және басқа да халық көп шоғырланған нысандардың жұмыстары арнайы ескертпеге дейін 00.00. сағат 30.03.2020 жылдан бастап тоқтатылсын;

4) Автокөлік, киім-кешек, мал базарлары, тойханалар, той салондары, банкет залдары және үй жағдайында өткізілетін барлық мерекелік, дәстүрлік (өзге ұлттардың ата-аналар күні, құран оқыту т.б.) іс-шаралар жұмыстары арнайы ескертпеге дейін 00.00. сағат 30.03.2020 жылдан бастап тоқтатылсын.

5) Санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, супермаркеттер мен азық-түлік базарлары сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, азық-түлік минимаркеттер, дүкендер сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандар (сұлулық салондар, ательелер, химиялық тазартқыштар, автомобиль майларын ауыстыру, вулканизация, көлік жуу бойынша қызмет көрсету орындары, ломбарттар) сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, сонымен қатар автокөлік және оның бөлшектерін, тұрмыстық-техника, сантехника сататын дүкендер, құрылыс базарлары, т.б. азық-түлік емес заттар сататын оырндардың жұмыстары сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге шектеу қоюды;

6) Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілуіне, облыста КВИ-ның нақтыланған жағдайлары тіркелуіне байланысты қажетті 30 дана қашықтық термометрлерге (безконтактные термометры), эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары адамдар көп шоғырланатын нысандарға профилактикалық мақсатта жүргізілетін дезинфекциялық заттар мен антисептиктер қорын жасақтауға жергілікті бюджеттен қаржы көзін жедел қарастыруды.

2. Облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамов, полиция департаменті басшысы Б.Сұлтан, облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы Ж.Абдусаметов, жергілікті тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармалары (келісім бойынша):

1) Облыс төңірегіне 4 жақтан кіретін трассаларға санитариялық блок-бекеттердің жұмысын жалғастыруды;

2) Азаматтардың жиналуына жол бермеу және ықтималды қылмыстардың алдын алу мақсатында облыс орталығында патрульдік полиция қызметкерлерінің, Ұлттық гвардия қызметкерлерінің санын көбейтуді.

3. Қала, аудан әкімдері мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына:

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің күшіндегі қаулы талаптарын толық орындауды;

2) Жергілікті тұрғындардың денсаулық қауіпсіздігін сақтау үшін медицицна қызметкерлері барлық сақтық шараларын қатаң сақтай отырып, үй аралау жұмыстарын күшейтуді, атқарылып жаптқан жұмыстарға әрбір емдеу-сауықтыру мекеме басшылығы мониторинг жүргізіп, сапасын қатаң бақылауды;

3) Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар карантин ережелерін бұзған жағдайда әкімшілік, құқықтық жауапкершілігін қарап, тиісті органдарға жедел ұсыныс беруді;

4) Емдеу мекемелеріне келген барлық пациенттерді медицина қызметкерлері қауіпсіздік шараларын сақтай отырып (бетперде, бір реттік қолқаппен) қабылдауды мекеме басшысына қатаң тапсырып, емдеу мекемесінде тіркелген әрбір ауруханаішілік жағдайға басшы жауапты екенін заңдастыруды;

5) Нақтыланған КВИ тіркелген жағдайда эпидемиологиялық ахуалға байланысты үй жағдайында оқшауланатын адамдар үй карантині ережелерін қатаң сақтау үшін көп қабатты үйдің подъездіне немесе көп қабатты үйге, мөлтек ауданға, сонымен қатар карантиндік, провизорлық және қосымша инфекциялық стационарларға күндіз, түні кезекшілік етуге полиция және шекара қызметкерлерін тарта отырып күзет қоюды;

4 . Қала әкімінің орынбасары Б.Нуридиновке:

1) Облыс орталығында КВИ тікелген уақытта бекітілген алгоритмге сәйкес, тиісті органдар мен ұйым мүшелері атқаратын барлық індетке қарсы, алдын алу шараларын үйлестіруді.

5. Қызылорда бөлімшелік көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, Қызылорда облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармалары:

1) Облыс көлеміне әуежолымен транзиттік ұшақтар арқылы, теміржол арқылы келетін жолаушыларға (оның ішінде ұшқыштар, бортсеріктер, машинистер, жолсеріктер, жүргізушілер, тасымалдаушылар және басқалар) міндетті термометрия жүргізу арқылы санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді;

2) Ауежолы (болған жағдайда), теміржол, автовокзал, автопарк басшыларынан санитариялық-дезинфекциялық ережелердің күшейтілуін талап етуді, орындалуына мониторинг жүргізуді, талап бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілігін қарауды;

3) Байланыста болған адамдарды оқшаулаудың жүргізілуін, сондай-ақ карантин жағдайында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;

4) Үй карантиніндегі байланыста болған адамдарды, сондай-ақ олармен бірге тұратын адамдарды үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қол қойғыза отырып, хабарлама беруді;

5) КВИ нақтыланған науқаспен тығыз қатынаста (близкий контакт) және ықтимал қатынаста (потенциальный контакт) болған адамдардың шеңберін 12-48 сағатта анықтап, ошақтағы эпидемияға қарсы қорытынды заласыздандыру жұмыстарын 6 сағатта қала, аудан орталықтарында, елді мекен, шет аймақтарда 12 сағатта жүргізуді ұйымдастыруды;

6) Осы қаулыны аталған органдар мен ұйымдардың бірінші басшыларына таныстырып, Қаулыны табыс етуді.

6. «Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиалы, Қызылорда бөлімшелік магистральдық желісі :

1) Қызылорда қаласынан Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына жүретін барлық поездарды сауалнамалармен қамтамасыз етуді;

2) Поездардың жолсеріктеріне жүру жолында жолаушыларға сауалнама жүргізуге, толтырылған сауалнамаларды жинауға, оларды сұрыптауға және жолаушының келген жері бойынша көліктегі басқарманың санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандарына беруді міндеттеуді;

3) Көлітерге жүргізілетін дезинфекциялық шараларды күшейтуді.

7. Жергілікті мемлекеттік органдары, қауіпсіздік органдары, қала, аудан әкімдері:

1) Денсаулық сақтау ұйымдарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсеткен кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды;

3) Қоғамдық тамақтану объектілерінде кальяндарды пайдалануға тыйым салуды;

4) Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтуді;

5) Әрбір рейстің алдында қоғамдық көлікті, теміржол және автовокзалдарды, супермаркеттерді, базарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жерүсті жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, ашық ауада орналасқан орындықтар мен сәкілерді, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды жуу және дезинфекциялау заттарын қолдана отырып өңдеуді осы қаулының №1-қосымшасына сәйкес жүргізуді;

6) Қоғамдық жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін, тротуарларды, саябақтарды, скверлерді, алаңдарды, теміржол және автовокзалдарға іргелес аумақтарды, автомобиль жолдарын және базар аумақтарын жуу заттарын қолдана отырып өңдеуді;

7) Көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тамақ өнімдерін өлшеп-оралған түрде өткізуді;

8) Сауда, қоғамдық тамақтану объектілерінде халыққа қызметті ауысымында және бүтіндігі бұзылған кезде кемінде екі рет ауыстыруға жататын бір рет қоданылатын қолғаптармен (сатушылар, аспазшылар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей жанасатын басқа да адамдар) көрсетуді;

7. Облыстық ішкі саясат басқармасы:

1) КВИ-ның алдын алу тақырыбы бойынша әлеуметтік бейнероликтер әзірлеп, жергілікті телеарналар мен орталық көшелердегі LED экрандарға орналастыруды;

2) Инфографикалар, баннерлер мен жаднамалар дайындап, Үкіметтік емес ұйымдар арқылы тұрғындарға үлестіруді;

3) Жастар ресурстық орталықтары арқылы КВИ профилактикасы бойынша челлендж бастамаларды ұйымдастыруды тапсырамын.

8. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы:

1) Пациенттердің күнделікті ағымын (басқа да нозологиялық аурулар бойынша) COVID-19 ауруына күдікті пациенттермен қиылысуын болдырауды;

2) Босанатын әйелдер босандыру ұйымына, сондай-ақ соматикалық стационарларға COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер түскен кезде медициналық көмек жеке қорғаныш құралдарын және эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтай отырып, оқшауланған үй-жайда көрсетуді;

3) COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастарды дәрігер-инфекционисттің қаралуынан кейін, КВИ ықтимал және зертханалық нақтыланған науқастармен қарым-қатынаста болғандығы туралы тереңдетілген эпиданамнез жинақтай отырып (шет елдер мен 10 аурудан жоғары жағдайлар тіркелген облыстардан келгендер арасынан), провизорлық стационарға емдеуге жатқызуды;

4) Емдеу мекемелерінің медицина қызметкерлері пациенттерге медициналық көмек көрсету барысында қатаң сақтық шараларын сақтауды (міндетті түрде бетперде және қолқап), КВИ немесе оған күдікті жағдай анықталғанда карантинге түсіп қалуына жол бермеуді, қорғаныс шаралары бұзылған фактілер орын алған жағдайда әрбір емдеу мекемесінің басшысы жауапты екенін қатаң ескертуді;

5) Эпидемиологиялық ахуалға байланысты жоспарлы медициналық қызметтерді (жоспарлы ауруханаға жаткызу, профилактикалық тексеру, скринингтер, оңалту) көрсетуді шектеуді;

6) Стационарлық денсаулық сақтау ұйымдарына науқастарға келушілерге, тамақ тасушыларға шектеу қоюды;

7) Бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету ұйымдары дәрігерлерінің қабылдауын және амбулаториялық емханалық ұйымдар дәрігерлерінің консультацияларын қашықтан қызмет көрсетуформатына ауыстыруды;

9. Қызылорда облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармалар басшылары, «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ҰСО), Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірігіп:

1) Облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында әр 10 күн сайын бақылау нүктелерінен су сынамаларын алсын және олардың сапасына мониторинг жүргізсін;

2) Зерттеу нәтижелерімен сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, жою шараларын ұйымдастырсын және қайта зертханалық тексерулер жүргізсін.

10. «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ҰСО), Қызылорда облысы бойынша филиалына:

1) КВИ-на тексеруге жататын контингенттерді зертханалық зерттеуге қажетті тест-системалардың қажетті қорымен қамтамасыз етуді;

2) КВИ ауруы тіркелген ошақтарда қала, аудан орталықтарында 6 сағат, шет аймақтар мен елді мекендерде 12 сағат ішінде қорытынды заласыздандырумен қамтамасыз етуді;

3) Эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты күндізгі және түнгі жұмыс кестесімен кезекшілік етуді;

11. «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» (бұдан әрі – ҚДСҰО), «М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» (бұдан әрі – АҚИҰҒО) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорының Қызылорда облысы бойынша филиалы қажеттілікке байланысты профилактикалық немесе ошақтық дезинфекция жұмыстарына тартылған жағдайда мамандардың құрал-жабдықтармен қамтылуы және олардың тәжірибелік-әдістемелік дайындықтары қамтамасыз етсін.

12. «Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 13, 16 наурызында №1, №2 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

13. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

14. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қызылорда облысы

Бас мемлекеттік

санитарлық дәрігері А.Абдикаимова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: