Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Серік Ыдырысов: «Бірнеше елдің президентіне арнау айттым»

23.01.2020, 9:28 2410

Елімізге, әлемге танымал, ықпалды тұлғалардың алдында арнау айтқаным бар. Олардың ішінде Финляндия, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан президенттері, Үндістан­ның премьер-министрі де бар. Соның ішіндегі ерекше есте қалғаны мынау. Бірде бірнеше елдің президенттерін күтіп алу, арнау айту әнші-ақын Елена Әбдіхалықова екеумізге тапсырылды. Сонда Елбасымыз жайдары мінезімен, күлімсіреп отырып: “Асқар Ақаев – қазақтың қызынан туған, ол қазаққа жиен. Осы жағын да бір айтыңдар” деп еске салып, жол көрсетті. Қазақта “Ымға түсінбеген, дымға түсінбейді” деген сөз бар емес пе? Тез түсіне қалған мен дом­быр­амды  қағып-қағып:

“Қырғыздың ғажап биі едің,

Қазақтан жарты сүйегің.

Нағашыңның ауылына,

Қош келдің Асқар жиенім.

Жолын тапқан жүйенің,

Басымды саған иемін.

Құдай айдап келген соң,

Жалтыраған бастан сүйемін”, – деп қырғыздың мақамына салып айта жөнелдім. Соңғы қатарды айтысымен қырғыз президенті маған басын сүйдірді. Сонда Елбасы: “Қазақ сөзінің құдіретін-ай! Бір елдің патшасы ақыны­мызға маңдайынан сүйдіріп тұр ғой” деп тебіренді. Қызықты сәт деп осыны айтуға  болады.

1992 жылы дүние­жүзілік қазақтардың құрылтайында Сыр елі тіккен киіз үйге Елбасымыз арнайы аялдаған болатын. Сонда оған арнау айтатын айтулы, азулы ақынның бірі сөзін ұмытып, кідіріп қалды. Оған жаңбырдың жауғаны әсер етсе керек. Сол кезде мен суырылып шығып:

“Ассалаумағалейкүм, Нұр ағамыз,

Көргенде өзіңізді қуанамыз.

Қарсы алып тұр сізді Сыр анамыз,

Кәнеки, төрге шық, дайын сыбағаңыз.

Нұрекең де Құдайдың құлы емес пе?

Халықтың патша қылған ұлы емес пе?

Өзіңмен  еріп келген аппақ жаңбыр,

Болашақта халқыңның нұры емес пе?”, – деп ойда-жоқта жырымды төгіп-төгіп жібердім. Осыдан соң маған сыртымнан мысқылмен “сарай ақыны” деп айдар тағыла бастады. Оларға берген жауабым мынау болды.

“Өмірде өтіп еді талай ақын,

Соның бірі мен Серік сарай ақын.

Халықтың мұң-мұқтажын жеткіземін,

Емеспін дүние қуған малай ақын”.

Айтыскер ақын Серік Ыдырысовтың

«Айтысты сағынып жүрмін»

атты сұхбатынан үзінді.

Пікірлер:
  • Серік ағаның орыны бөлек, от ауызды, орақ тілді ақын. Алдағы уақытта термелерімен, арнауларын видеоға түсіріп, парақшасына салса нұр үстіне нұр болар еді.

  • Ассалаумагалейкум Серик ага.Сиздин орын-орнымен айтатынызды,тапкырлыгынызды жаксы билемиз гой.Алла тагала 1ши Сизге алдымен ден саулык берсин,Осип келе жаткан бала шагалардын кызыгын коруге жазсын.Дегенмен алдеде Сизди осы Республикалык,обл.айтыстарда коргмиз келедте турад.Соган бир бет бурыстар жасасаныз.

Рыскелді Жахман үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

Тағы да оқыңыз: