Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сенің бұл ерлігің ұмытылмайды

31.07.2020, 10:00 866

Атақты Әмір Темір «қорқақтар да соғысқа қатысып, шепте тұра алады. Өйткені оны бұйрық пен жан жағындағы әскер демейді. Ал, батыр деген өміріне анық қауіп төнсе де қауіпке қарсы ұмтылатын жан» деген екен. Сол секілді өз өміріне қауіп төніп тұрса да тажал ауызына қарай тап берген осындай бір батырынан күні кеше ғана Қармақшы  елі айырылып қалды. Кеше ғана қамал алар қырық жасқа толған Елпанов Егеубай Әсетұлы өз жұртының ішінде жұлқынып жүрген жігерлі жігіт болатын. Тек осы соңғы күндері қатты сырқаттанып, науқасы меңдеп жүріпті. Сол күні ол үйі жақын орналасқандықтан дария жаққа, таза ауа жұтуға шыққан еді.​​​

Дария жақтан жас балалардың «құтқарындар» деген дауысын естігенде жанұшыра сол жаққа қарай жүгіреді. Адамшылық пен ар-намыс жігітті жегіп қоя ма? Жағалауда шомылып жүрген балалардың бірі байқамай жағадан  ұзап кетсе керек. Оның жанайқайын естіген екінші бір бал құтқарамын деп суға күмп береді. Бір батып бір шығып жүрген екеуін көрген Егеубай суға секіреді. Бір сүңгігенде баланы таба алмайды. Екінші сұңгігенде тереңнен қолына баланын қолы тиеді. Су түбінен алып шыққан кезде екінші бала Егеубайдың беліне жармасады. Осылайша, Егеубай екі баланы жиекке сүйреп алып шығады. ​​​Жиекке шыққан соң су жұтқан балаға алғашқы көмек көрсетеді. Баланың аузынан, мұрыннан су кетіп зорға есін жинайды. Бірақ осы сәтте Егеубайдың денсаулығы сыр бере бастайды. Сол жердегі көргендердің айтуынша оның түрі бұзылып, сам-соз әлсіреген күйде үйіне әзер бара жатады. Сол сәттен бастап күтініп жүрген денсаулығы күрт нашарлап, арада үш күн өткенде екі бүйрегі жұмысын тоқтатып, бақилыққа аттанып кете барды.​​​​​​​​​​​​

Иә, өзіне ажал төніп тұрса да жаңа бүршігін жарып келе жатқан қос ғұмырды ажал аузынан алып қалған Егеубайдың бұл ісін не дейміз! Көзсіз батырлық ғой! Ерлік ғой! Мұндай жүрек жұтқан іске денсаулығын, өмірін қиып екенің бірі бара бермейтіні сөзсіз.

​​​​​​Қайран бауырым! Жалындап тұрған сені қалай өлді деуге қия алармын. Сенің бұл ерлігің ұмытылар ма! Жо-жоқ. Сен біздің  рухымызды көтердің. Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын, жаным!

  Көрші ағаң Қуаныш ТӨРЕЕВ,

  Қармақшы ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: