Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Сардоба» салдары: Түркістан облысына 4 миллиард шығын келген

09.05.2020, 17:47 509

Ресми орган Түркістан облысында су тасқынынан келген шығын көлемін атады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов Мақтаарал ауданында жалпы көлемі 7639 гектар ауыл шаруашылығы жері зақымданған хабарлады. Ал мал шығыны 297-ге жеткен.

Басқарма басшысының айтуынша, су тасқынынан Мақтаарал ауданына қарасты 11 елді мекенінің егіс алқабы бүлінген.

– Жалпы 1 мыңнан астам ауылшаруашылығы тауар өндірушілер тізімі жасақталды. Біз 7639 гектар егістік шығынын 4 миллиард 1 миллион теңге көлемінде есептеп, Үкіметке ұсындық. Комиссия шешімі бойынша әр дақыл түріне орай өтемақы жасалады. Ал ветеринариялық жағдай бойынша 297 мал зардап шеккен: 58 бас сиыр, 227 қой-ешкі, 16 жылқы, 2 түйе және 227 үй құстары суға аққан. Барлығын жою жұмыстары жүріп жатыр. Мал шығынын өтеу үшін нарықтағы баға бойынша 32 миллион теңге шығынды есептеп, Үкіметке ұсынып отырмыз, – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, ол:

– Басқарма мамандары өлген әр малдың фотосын түсіріп, актісін дайындап жатыр. Мал мен егіннің өтемақылары төтенше жағдайға байланысты ашылатын азаматтардың жеке шоттарына аударылмақ. «Қосымша шот ашудың қажеті жоқ. Су тартылғаннан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігінен арнайы мамандар келіп, жердің құрамын, зақымданған күйін тексереді, – деп атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: