Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сапалы жол – Адалдық алаңы

16.11.2020, 16:15 495

HALYQLINE.KZ 2020 жылғы 16 қараша күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері, арнайы мониторингтік топтың мүшелері және БАҚ өкілдерімен бірлесіп жергілікті маңызы бар автомобиль жолы Қызылорда қаласының А.Досхожин көшесіне жылжымалы зертханамен мониторинг жұмыстары жүргізілді.

«Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсенің негізгі тұжырымдамасы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара байланыста ашық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Жыл басынан бері «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында Қызылорда облысы бойынша автомобиль жолдарына қоғам, БАҚ және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының өкілдерімен жылжымалы зертхана арқылы 18 рет мониторинг жұмыстары жүргізілді. Аталған мониторинг қорытындылары бойынша тиісті сала мамандарымен 53 кемшілік анықталып, құзіретті мемлекеттік мекемелерге тиісті ұсыныстар берілген болатын.

Берілген ұсыныстардың қорытындысымен бүгінгі күні 35 кемшілік қайта қалыпына келтірілсе, қалған кемшіліктерді жою мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

А.Досхожин көшесінде жүргізіліп жатқан жол салу жұмыстарының сапасын зертхананың қортындысынан кейін белгілі болатындығын хабарлаймыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: