Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төбе мен тал

17.01.2021, 11:00 755

HALYQLINE.KZ

Жаңадан тұрмыс құрған ерлі-зайыптылар біразға дейін перзент сүйе алмай, бір данышпанға барыпты. Данышпан күйеуіне «бәлен жерде бір төбе бар, сол төбенің басында өсіп тұрған талға тілегіңді айтып, шүберек байлап кел»-депті.

Араға біраз жыл салып данышпан баяғы ерлі-зайыптыларды іздеп шығады. Аз жүрді ме, көп жүрді ме білмеймін, әлгілердің үйін тауып келсе, үйде бесікте бір бала, еңбектегені бар, аяғы енді шығып тәй-тәй басып жүргені бар, қойшы әйтеуір бір-бірін ерткен үйелмелі-сүйелмелі шиеттей бала-шаға жүр дейді. Ересектеу біреуінен:

– Аналарың қайда?-деп сұрапты.

– Перзентханада.

– Әкелерің ше?

– Төбенің басында өсіп тұрған талдағы шүберекті шешуге кетті, – депті.

Әлеуметтік  желіден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: