Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Тәуелсіздік қазаққа не берді?»

10.11.2020, 14:25 1470

HALYQLINE.KZ

Оқырман  олжасы

Елімізге белгілі саясаттанушы, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім көп жылдан бері саясатқа етене араласып, әсіресе, сайлау сабақтарын бұқараға барынша үйретіп келеді. Ол бір сұхбатында «Қандай кітапты жиі қолыңызға аласыз?» деген сұраққа: «Әрине, Абайдың өлеңдері мен қара сөздері – қанша оқысаң да түбіне бойлай алмайтын, бірақ болмысты дөп басқанын ішің ғана сезіп, көңілің ғана қабылдайтын қазына. Оларды қайталап оқудан жалықпаймын. Жас кезімде Джек Лондонның шығармаларын аса сүйіп оқыдым. Әсіресе, «Мартин Иден» романы маған қатты әсер етті. Студент шағымда Латын Америкасының әдебиетіне ден қойдым. Габриэль Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыздығы» – мен үшін ерекше шығарма. Соңғы уақыттарда детективтерді көбірек оқимын» деп жауап берген екен.

Міне, өзі кітапқұмар әрі халыққа демократия құндылықтарын түсіндіру бағытында бірнеше кітаптар жазған жерлесіміз, «Халық» газетінің белсенді авторы Дос Көшім жақында оқырманға «Тәуелсіздік қазаққа не берді?» атты жинағын тарту етті. Ниетті жандардың аталмыш кітапты akel.kz интернет дүкен желісі мен «Меломен» дүкендер желісінен сатып алуына болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: