Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шекспир: «Махаббат қуғаннан қашады»

17.10.2020, 11:00 560

HALYQLINE.KZ Атақты “Ромео және Джульетта” қойылымының авторы, махаббат дастаны арқылы әлемге танымал Уильям Шекспирдің бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған нақыл сөздері көп. Соның бүгін бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз.

1. Үнсіздік жансыздықтың белгісі емес. Іші бос адам ғана құр айғаймен өмір сүреді.

2. Артық мөлшердегі бал уақыт өте келе уға айналады. Дәмді нәрсенің мөлшері артқан сайын, өзінің құнарын жоғалтады.

3. Қиын шақта басты мәселеге емес, оның айналасындағы ұсақ-түйекке бола күйіп пісеміз.

4. Аз сөзде салмақ бар.

5. Махаббат қуғаннан қашады. Ал, қашқанды қуып жетеді.

6. Ақымақтық пен даналық жұқпалы дерт секілді. Сондықтан, досты дұрыс таңда.

7. Өткір сөздің өтімділігі айтылған тілге емес, естіген құлаққа байланысты.

8. Есімнің мағынасы қандай? Раушан гүлінің атын атасаң да, атамасаң да раушан гүлінің жұпарын береді.

9. Әрбір ессіздіктің бір түйіні бар.

10. Әдемілікке ғашық болуға болады, ал сүю – тек жанға тән.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: