Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада мешіттер ашылады

18.05.2020, 12:55 498

Бүгін облыстағы мешіттер арнайы санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істей бастады. Мешітте жеке құлшылық жасауға, Құран оқытуға және неке қидыруға рұқсат етілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Абуов айтты.

– Өңірдегі карантин ережелерін сақтай отырып, мешітте жекелеген түрде намаз оқуға рұқсат етілді. Жамағатпен намаздар оқылмайды. Сондай-ақ, мешітте 15 минуттар артық болуға болмайды. Әр 3 сағат сайын залдар залалсыздандырылып отырады. Ал Құран оқыту бөлмесіне 10 адамнан артық кіргізілмейді. Кіріп-шығу есіктері бөлек болады. Тағы ескере кететіні, неке қидыруға келуші мұсылмандармен тек куәгерлер ғана болуы шарт.

Биыл Рамазанның қасиетті Қадыр түні 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп отыр. Осыған орай, қасиетті Қадыр кешін үйде өткізуге шақырамыз,-деді бас имам.

Мешітке келушілер міндетті түрде бетперде тағуы қажет. Антисептік құралдарын пайдаланып, 1,5 метр арақашықтықты сақтау міндеттеледі. Сақтық ережелеріне байланысты қол амандасу құпталмайды. Барлық мешіттер таңғы 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: