Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құлазу

12.12.2020, 18:00 737

Эссе

HALYQLINE.KZ

иә, делік, бір сұмдықты айтайын, сен мені құтқар, жазғаным да жалған, мазмұны емес, мұраты, сәтімен, жақсы деген күннің өзінде жүз жыл жасар, жүз жылдан соң, қалады,

басқаның шатпағы кімге керек, әр дәуірдің өмірі өз қызық-қуанышынан аспайды, өткен жұрттың сана-сезімі, хал-ахуалы, жай-күйі саған, дәл өзіңе қызық па, аз ғұмырыңды өзгенің тағдыр-талайын зерттеуге, шежіресін оқып, тарихын тануға жұмсайсың ба, кімді сүйді, нені ұнатты, қайда тұрды, қалай өмір сүрді, сол ғұмыр, шынымен, басқаға, туған-туысқа, ағайын-жұртқа қажет пе, тәлім-тәрбиесі, үлгі-өнегесі несімен қымбат,

қазіргі қызық-думан, күлкі-мазақ, әзіл-қалжың әлдеқайда жанға жайлы, жүрекке жылы тимей ме, жолы да қысқа, жобасы да арзан, салмағы жеңіл,

көз алдымдағыны көрмей, мен қалай, қайтіп адастым, теріс жүрдім, оң басқаным сол, ит батпақтап, ат сүрініп, жер ортасына келдім, енді бақыт жоқ, қаңтарылып, қай жаққа барарымды білмей, абдырап тұрмын,

мақсат бұлыңғыр, сән бұрынғы, киініп алып қайда бара жатырмын, күңгірт, бәрінен мән жоғалды, жазудан қуаныш кетті,

қайықты кері бұруға шама, саяхатты қайта бастауға дәрмен жоқ, мерзімін өткізіп алдық, тар уақыт ойға қайран бермейді, опасыз, бүкіл дүние, бар әлем маған қарсы, қайрат кеміп, бойдан қуат, әл кетіп, ақыл-естен айрылғанда,

қараңғы түнекті жарып от ұстап сен шық алдымнан, жарық сәулені көрсет, тура жолды тап, мен өнерден суыдым, қаламнан алыстадым, жалғыздық кештім, жат жанымнан түңілді, өмірді өгейсіп, тіршіліктен безіндім, қайғы көкірегімді қарс айырды, жүзіме мұң қонды, көзімде қапа тұнды, дауысым жарықшақтанып шықты, не де болса, сен мені құтқар, аяулым.

25.01.2020

Дидар АМАНТАЙ,

teledidar.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: