Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оймақтай ой

19.09.2020, 14:00 697

Аяқкиімнің табаны таза болса, бетін тазалау оңайға түседі…

* * *

Бір кісі білімсіздігін көп сөйлеу арқылы көрсеткісі келді. Ол сынық қоңыраудың сыңғырлап жарытпайтынын білмесе керек-ті…

* * *

Ақшаны қажет ететіндердің бəрі оған зəру емес…

* * *

Бүгін “бәрекелді!” деп АРҚАҢЫЗДАН қаққандар, ертең АРҚАҢЫЗДАН итеріп, шұңғымаға сырғыта салуы әбден мүмкін. Абайлаңыз!

* * *

Қазақты инстаГРАМ мен жүзГРАМға байлап қойған заман-ай!

* * *

Бұрындары ЖЫР ТЫҢДАЙТЫНДАР көп еді, қазір ЖЫРТЫҢДАЙТЫНДАР көбейген.

* * *

Қазір көбі құрғақ жолдағы кедір-бұдырдан қашып, тегіс көрінген батпақты жолға түсіп кетуде…

* * *

Тіпті, ойыңызға келген жаман ойдың бəрін жүзеге асыра алмайсыз. Көрдіңіз бе, сіздің құқығыңыз шектелген.

* * *

Күлкі ойнап тұрғанымен келбетінде,

Мұңсыз адам жоқ дер ем жер бетінде!

P.S. Мұңсыз адам болмайды, мұңын жасыратындар болады…

Рыскелді ЖАХМАН

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: