Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кітаптың тұсауы кесілді

26.11.2020, 16:45 560

HALYQLINE.KZ Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбековтың қатысуымен Қармақшы ауданының құрметті азаматы, әдебиетші, сарабдал сыншы Сәпен Аңсатовтың 80 жылығы мерейтойы аясында жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Аудандық мәдениет үйінде өткізілген шарада аудан әкімі сөз алып, өз заманында өңіріміздің экономикасының өсіп-өркендеуіне, Қазақстанның еңбек сіңірген инженері және қоғам қайраткері, Қызылорда қаласының және Қармақшы ауданының құрметті азаматы Аңсатов Сәпен Әбдіқадырұлының өлкенің дамуына қосқан үлесі өлшеусіз екендігін айтып, сөзге жүйрік, қаламы қарымды қаламгер ретінде талғамы жоғары қабілетімен Сыр елінің мәдени-рухани саласын көтеруде зор табысқа жеткенін атап айтып өтті. Өз кезегінде аудан басшысы Сәпен Әбдіқадырұлын ауданымыздың жоғары наградасы «Құрмет грамотасымен» марапаттап, сый-сияпат табыстады.

Шара барысында кітап авторымен «Жыраулар үйінің» директоры Бүрлібаев Амандық Қуандықұлы сұхбат жүргізіп, аталмыш еңбегі жайындағы пікірлерін ортаға салды.

Осыдан кейін «Айтарым бар» кітабының тұсаукесер рәсіміне кезек берілді. Жаңа кітаптың көк лентасын аудан әкімі Мұса Оспанұлы мен Сәпен Әбдіқадырұлы кесті.

Сондай-ақ, аудан басшысы жаңа кітаптың тұсаукесерімен Сәпен Әбдіқадырұлын құттықтап, алдағы уақытта да жаңа кітаптардың жазылатындығына сенім білдірді.

Қармақшы ауданының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: