Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Болар елдің баласы…

08.11.2020, 14:00 599

HALYQLINE.KZ Бiрде Францияның ұлы әдебиетiнiң тарихында адам күлерлiк һәм қынжылтарлық оқиға болыпты. Поштаға маңдайшасында “Au plus grand poete de France” – “Францияның ең ұлы ақынына” деген жазуы бар хат келiп түспей ме? Поштадағылар хатты атақты “Аласталғандардың” авторы Виктор Гюгоға жөнелтедi. Қайран тектiлiк, Гюго хатты ашпастан Альфред де Мюссеге, Мюссе өз кезегiнде сырбаздық танытып Ламартиннiң үйiне жiберткiзедi.

Ламартин де өзiн ұлы ақын санамаған ба, хат ақыры айналып Гюгоның өзiн тапқанда, конверттi амалсыз ашуға мәжбүр болған әйгiлi романтиктiң таңғалғанын көрсеңiз. Сөйтсе хат бiр белгiлi газеттiң жексенбiлiк нөмiрiне ұйқаспен жазылған фельетондары жарияланып жүретiн өлеңшiге арналған екен. Талғамға талас жоқ деген рас болса керек. Уақытында париждiк әдеби ортада бiраз күлкi тудырған оқиға осындай…

Әмірхан БАЛҚЫБЕК

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: