Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақмешітте ақындар айтысы басталды

27.02.2020, 15:40 707

Бүгінде ұлы Абайдың 175 жылдығына орай республиканың түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар легі ұйымдастырылып келеді. Сыр елі де бұл тойдан тыс қалып жатқан жоқ.

«Абай жолымен» деген тақырыпта өтіп жатқан айтысқа айтыстың үш буын өкілдері де қатыспақ. Үлкен буыннан Серік Құсанбаев, Кенжебай Жүсіповтер айтыстың аламанын қыздырса, орта буыннан Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусиналар сөз барымтасында сынға түспек. Сондай-ақ, жас буыннан Бексұлтан Орынбасаров, Аян Ниязбектер үлкендермен қатар үзеңгі қағыстыруға талпынып отыр.

Айта кетейік, айтыс көрермендердің алдында жұпталды. Бұл өз кезегінде ақындардың суырыпсалмалық қасиетін көрсетіп, шаппа-шап айтысты дамыта түспек.

Сөз барымтасын шиелілік Кенжебай Жүсіпов пен шымкеттік Аян Ниязбек бастады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: