Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық құтқарушылар Мақтааралға аттанды

06.05.2020, 15:40 482

HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысының құтқарушылары Мақтаарал ауданына қарай жолға шықты. Түркістан облысының Мақтарал ауданының бірнеше елді мекендерін Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан тасқын су басып қалған болатын. Ауылдарды одан әрі су басуға жол бермеу үшін өңірде күштер мен құралдар топтары дайындыққа келтірілді.

Қызылорда жедел-құтқару жасағының құтқарушылары да шет қалмады. Құтқарушылар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержановтан нақты тапсырма алып, 5 мамырда құтқару жұмыстарын жүргізу орнына шығып кетті. Жұмыс тобының құрамында облыстың төтенше жағдайлар департаментінің 45 қызметкері, 7 автокөлік, 10 су сорғыш мотопомпа және 4 моторлы қайық бар. Олар су басқан оңтүстік өңірлерде көмек көрсететін болады.

Топ жетекшісі – Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» бастығының орынбасары Бақыт Ембергенов. Олар 558 кг гуманитарлық көмекті де жеткізетін болады. Бұдан басқа, топтың жүйелі жұмыс жүргізуі үшін 14 тәулікке арналған азық-түлік өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының қоры бар.

Бүгінгі күні Департамент басшылығы су тасқыны қаупі бар аймақтардағы әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста. Қызылорда құтқарушылары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су тасқыны салдарын жоюға және халыққа көмек көрсетуге бағытталған іс-шараларды жүргізетін болады.

Қызылорда облысы ТЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: