Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада тұрғын үй өртенді

13.06.2020, 8:22 491

HALYQLINE.KZ 2020 жылдың 13 маусымында сағат 00:59-да Қызылорда қаласы, Ақмешіт шағын ауданы 31/А 5 қабатты тұрғын үйде электр қалқаншасы мен шатырдағы үй-жайда жану оқиғасы болды.

ТЖД күшімен гидравликалық құралдарды пайдалана отырып, люкті кесу арқылы шатырдағы үй-жайға кіру жүзеге асырылды, онда жалпы ауданы 195 шаршы метр қоқыс, тұрмыстық қалдықтар, ескі матрацтар, пластикалық бос ыдыстар жанған. ТЖ департаментінің күшімен жоғарғы қабаттағы пәтерлерден сыйымдылығы 27 л және 50 л 8 тұрмыстық газ баллоны шығарылды, баспалдақ арқылы 50 адам эвакуацияланды, оның 20-сы – бала. 4-ші және 5-ші қабат тұрғындарын өрт сөндіру автосатысы арқылы 19 адам құтқарылды, оның 13-і – бала. Өрт сөндірушілердің біріккен іс қимылының нәтижесінде өрт 02-ден 54 кеткенде толық өшірілді. Өрттің шығу себебі – (болжамы) электр қалқанындағы қысқа тұйықталу.

Тұрғын үй электрмен жабдықтаудан ажыратылып, екінші подъездің тұрғындары туысқандарының үйінде. Оқиға орнына полиция қызметкерлері подъездге күзетуді ұйымдастырды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрт орнына облыстың ТЖ департаментінің 42 қызметкері мен 8 бірлік техника қатыстырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: