Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада коронавирус жұқтырғандардың саны қанша болды?

11.04.2020, 9:38 442

HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 116-ға жетті.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«COVID-19 вирусының жаңадан 12 дерегі тіркелді. Оның ішінде, Сырдарияда – 9 (Аманкелді ауылы), Арал ауданында – 2 жағдай. Бұл азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырғанмен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Сондай-ақ, Қазалы ауданынан жаңадан 1 жағдай тіркелді. Қазіргі таңда, науқастардың жағдайы бірқалыпты, емін алуда», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Сонымен қатар, COVID-19 вирусын жұқтырғандармен байланыста болған 1227 азамат анықталды. Оның 606-сы жақын қарым-қатынаста болса, 621-і жанама байланыста болған.

Құрметті облыс тұрғындары, карантин ережелерін сақтап, үйде болыңыздар!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: