«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 419.69 (0)

  • EUR: 510.89 (0)

  • RUB: 5.63 (0)

Қызылордада цифрлық ХҚО ашылды

24.12.2020, 14:45 122 0

HALYQLINE.KZ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қызылорда қаласының орталығынан озық технологиялармен жабдықталған цифрлық ХҚО ашты.

Келушілер мұнда арнайы компьютерлер мен планшеттердің көмегімен электронды өтінімдерді өз бетінше жолдап, қызметтерге қол жеткізе алады. Заманауи үлгідегі цифрлық орталықта қызмет алушыларға арналған 15 орын ұйымдастырылған. Қызмет көрсету процесіне операторлар қатыспайды, тек 6 маман электрондық қызмет түрлерін алу бойынша кеңестер береді. Сондай-ақ, бөлімде аптасына 6 күн бойы халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында оқыту сыныптары жұмыс істейтін болады.

«Жыл басынан бері филиалдың фронт-офистері сапалы қызмет көрсету бойынша рейтінгте республика көлемінде алдыңғы қатардан көрінді. Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандары биыл 628 780 қызмет көрсетті. Электрондық қызметтер саны да артқанын айта кету керек. Жаңадан ашылған цифрлық орталықтың басты ерекшелігі – мемлекеттік қызметтер толықтай автоматты түрде ұсынылады. Халықтың игілігі үшін осындай орталықтың ашылуына мұрындық болған қала әкімдігіне ризашылығымызды білдіреміз», – деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Қызылорда облыстық филиалының директоры Айдын Қайруллаев.

Оның айтуынша, облыста электронды цифрлы қолтаңба алу, көлік құралдарын тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және әлеуметтік төлем тағайындау мен жүргізуші куәліктерін алу қызметтеріне сұраныс жоғары.

Ашылу салтанатына қатысқан шаһар әкімі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы мемлекеттік қызметті электронды түрде алудың пайыздық үлесін арттыру – бұл мемлекеттік қызмет көрсетуді халыққа қолжетімді етуге берілген басымдық екенін атап өтіп.

Естеріңізге сала кетейік, цифрлық ХҚО Қызылорда қаласында Бектұрғанов көшесі, 70 мекенжайында орналасқан. Орталық Қызылорда облысының Бас санитарының қаулысына сәйкес таңғы 09.00-ден 18:00-ге дейін азаматтарға қызмет көрсететін болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: