Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 83 типтік жобадағы мал қорымы жұмыс істеп тұр

08.09.2020, 12:00 479

HALYQLINE.KZ Биыл Қызылорда облысында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруға қарсы шараларға 729,5 млн теңге бөлінген.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Апетовтің айтуынша аталған шараларды атқару үшін қосымша 255,1 млн қаржы қаралған. Сонымен қатар, 6 түрлі энзоотиялық ауруларға қарсы ветеринариялық препараттар сатып алуға 215,8 млн теңге бөлініп, алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде.

«Облыс көлемінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында ауру ошақтарын болдырмау, алдын алу, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен қаралған 5544,3 мың доза ветеринариялық препараттың 5524,6 мың дозасы немесе 99,6% уақытылы тасымалданып жеткізілді. Жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін барлығы 15033 бас қаңғыбас иттер мен мысықтар ауланды» – деді Ерсұлтан Амантайұлы

Өңірдегі жануарларды бірдейлендіру дерекқор базасына 356,6 мың бас мүйізді ірі қара, 806,4 мың бас уақ мал, 53,9 мың бас түйе, 155,9 мың бас жылқы, 2 мың бас шошқа, 801 бас тақтұяқтылар тіркелген.

Сондай-ақ, бүгінде 57,2 мың бас мүйізді ірі қара, 245,3 мың бас уақ мал, 16,5 мың бас жылқы, 8,1 мың бас түйе, 962 бас шошқа, 32 бас тақтұяқтылар бірдейлендіріліп, дерекқор жүйесіне енгізілді.

Қазіргі таңа 83 типтік жобадағы мал қорымы пайдаланылуда. Осы жылы облыс әкімінің іс-қимыл жоспарында көзделген типтік жобадағы 7 мал қорымының (Арал ауданында – 5, Жалағаш ауанында – 2) құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: