Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада №25 қаулы қолданысқа енеді

31.10.2020, 18:10 794

HALYQLINE.KZ Бүгін облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова №25 қаулыны жариялады. Айта кетейік, жаңа қаулы 2 қараша күні күшіне енеді. Қаулыдағы басты жаңалық, кинотеатрлар ашылып, облыстық командалардың оқу-жаттығу жиындарына рұқсат берілді. Сауда, ойын-сауық орталықтары, жабық базарлар сенбі күні де қызмет көрсете алады. Тек жексенбі мен мереке күндеріне шектеу қойылды.

– Дүйсенбіден бастап кинотеатрлардың жұмысын қайта бастауға шешім қабылдадық. Бастысы, санитарлық талапты қатаң сақтаулары керек. Жұмыс уақыты 9:00 ден 22:00-ге дейін. Толтырылуын 30%-дан асырмай, infokazakhstan.kz порталында тіркеле отырып, маска режимін, шахмат тәртібімен отырғызуды, әлеуметтік қашықтықты сақтау секілді шарт қойдық. Өздеріңіз білесіздер, кино көрсететін зал қараңғы болады. Жарық аз түседі. Сондықтан әр кино көрсетілер алдында дизенфекция жұмыстары жүргізілуі қажет, – деді Әлия Әбдіқайымова.

Күннің ерте батуына байланысты тамақтану орындары, сұлулық салондар, СПА орталықтары, монша, спорт залдарының қызмет көрсету уақыты бір сағатқа азайтылды. Яғни, 22:00-ге дейін. Ал ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды, үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды, караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракцион, батут, букмекерлік кеңсе, кальянды пайдалануға, фудкорт, спортшылардың ҚР тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуына тыйым салу жалғасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: