Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 10 мыңнан аса адам жүргізуші куәлігін алған

16.10.2020, 18:15 555

HALYQLINE.KZ Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жүргізуші куәлігін алу мен көлікті тіркеу – қызылордалықтар арасында ең көп тараған қызметтердің бірі. Осы жылдың өзінен басынан бастап АвтоХҚО арқылы қала бойынша 6546, аудан бойынша 3696 жүргізуші куәлігі берілген. Жалпы, облыс бойынша 10 242 жүргізуші куәлігі алынған. Ал, egov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн түрде жүргізуші куәлігін алғандар саны 6364 құрайды.

Сонымен қатар, облыс бойынша жүргізуші куәлігін алу үшін 290 азамат емтихан тапсырған. Оның ішінде 57 азамат емтиханды сәтті тапсырып, жүргізуші куәлігін оңай әрі жылдам алған.

Естеріңізге сала кетейін, қазіргі таңда жүргізуші куәлігін алу мен мерзімін ұзарту бұрынғы кезге қарағанда әлдеқайда ыңғайлы болды. Енді жүргізуші куәлігіңіздің мерзімі өткен жағдайда электрондық үкімет порталын пайдаланып, медициналық тексерістен өту арқылы жаңартуға болады.

Сонымен қоса, жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды сынақ (пробный) ақылы түрінде күнделікті тапсыруға мүмкіндіктеріңіз бар.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Қызылорда облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: