«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 424.49 (-1.1)

  • EUR: 504.51 (-0.92)

  • RUB: 5.59 (-0.02)

Қызылорда: Тұрғындар табиғи газ тұтынады

04.11.2020, 16:40 100 0

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы тұрғындарының 70%-ы осы жылдың соңына дейін табиғи газға қол жеткізе алады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арқасында 2014 жылы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырын салу жобасы іске асырылды, оның 846 шақырымы Қызылорда облысы арқылы өтеді.

Осындай ауқымды жобаны осы жылдар ішінде іске асыру Қызылорда, Байқоңыр қалаларын және облыстың 7 аудан орталығының 4-еуін газдандыруға мүмкіндік берді.

Биыл газбен жабдықтау жобаларын іске асыру үшін бюджеттен 5,5 млрд теңге бөлінді. Төтенше жағдай режимі мен шектеу шараларына қарамастан, ағымдағы жылғы шілдеде 5 мыңнан астам адам тұратын Арал ауданының Жақсықылыш кентіне газ берілді.

Жыл соңына дейін газдандырылмаған қалған 3 аудан орталығының (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек) тұрғындары мен тұрғындарының жалпы саны 50 мың адам болатын Жаңақазалы ауданындағы Ғани Мұратбаев, Шиелі ауданындағы Байсын елді мекендеріне газ беру жоспарлануда. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың соңына дейін халықтың 70%-ы табиғи газға қол жеткізе алады. Содан соң, екінші кезеңде өңір аудан орталықтары мен Қызылорда қаласына жақын ірі елді мекендерді газдандыру бойынша жобаларды кезең-кезеңмен іске асыруға кіріседі.

Ағымдағы жылдың қараша айында Қазалы қаласы мен Шиелі ауданының Бекежанов ауылын газбен жабдықтау жобалары іске асырыла бастайды, олар келесі жылы аяқталатын болады.

2021 жылы Қызылорда қаласындағы Наурыз және Махамбет елді мекендерін, Қармақшы ауданының Төретам және Ақай, Алғабас, Ақмая елді мекендерін, Шиелі ауданының Қодаманов елді мекендерін газдандыру жоспарлануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: