Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қоянбаев әлемдік рекордты бұзды

11.09.2020, 15:45 663

HALYQLINE.KZ Нұрлан Қоянбаев өзі межелеген рекордтық көрсеткіштен асты.

Осыдан біршама уақыт бұрын әзілкеш Нұрлан Қоянбаев инстаграм желісіне «Инстаграмда бір фото 5 млн комментарий жинап әлемдік рекорд орнатыпты. Достар, әлемдік рекордты жаңартып жібереміз бе? Әрқайсымыз 20 пікірден қалдырсақ, кем дегенде 20 млн комментарий жинаймыз. Осы фото әлемдегі ең танымал фотоға айналсын! Кеттік! Биікте самғасын көк байрағымыз»  деп жазған болатын.

Содан бері оның инстаграм желісіне салған мемлекеттік тудың суретіне 10 миллион 114 мыңнан астам пікір жазылған. Суретке алғаш салынған 24 сағат ішінде 700 мыңнан аса пікір жазылып, Қазақстан және Ресей бойынша рекорд жаңартқан болатын. Енді Нұрлан Қоянбаев жазған әлемдік рекордтан да асып жығылды.

Айта кету керек, 238 миллион оқырманы бар Криштиану Роналдудың суреттеріне орташа есеппен 20-50 мың арасында пікір жазылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: