Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

QAZFORUM-2020 онлайн-тренингтері өтті

16.11.2020, 15:30 495

HALYQLINE.KZ 2020 жылғы 23 қазан мен 13 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қазақтілді контентті жасаушыларға арналған QAZFORUM-2020 онлайн-тренингтері өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 130-дан астам медиамамандар еліміздің жетекші сарапшыларының тренингтері мен вебинарларын тыңдады.

Тренингтердің негізгі мақсаты – пандемия кезіңде журналистердің, блогерлердің, редакторлардың құзыреттілігін дамытуға жәрдемдесу. Qazforum бастамашысы және идеялық шабыттандырушысы  – Қазақстандағы АҚШ Елшілігі, ұйымдастырушысы – Қазақстан Баспасөз клубы.

Медиатренер Асхат Еркімбайдың «БАҚ редакция жұмысын қашықтан үйлестіру» тақырыбындағы алғашқы тренингі 23 қазанда өтті. Қатысушылар қашықтан жұмыс істеу кезінде туындайтын негізгі мәселелерді талқылап, әріптестерімен онлайн тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін негізгі құралдар туралы білді. Спикердің пікірінше, карантин кезеңіндегі жұмыс жағдайларының басты айырмашылығы – басқару моделі иерархиялық, тік-көлденеңінен өзгереді, онда барлық қызметкерлердің функциялары тең және әрқайсысы ортақ іске өз үлесін қосады.

6 қарашада өткен «Visual-журналистика» тренингінде мультимедиалық журналист Баубек Сағындық қазақ тілінде көрнекі тартымды контент жасаудың құпиясымен бөлісті, оны оқырмандар тіпті көп ақпарат болса да оңай қабылдай алады. Қатысушылар аудионы визуалды қатарға түрлендіруді, негізгі хабарламаларды бөлумен бейнематериалдарды өзгертуді, көлемді статистикалық деректерден динамикалық бейнелер жасауды үйренді.

«QAZFORUM-2020 онлайн-тренингтің өткізген аталмыш тәжірибе сабағы бүгінгі таңда мультимедиа саласында білікті ғана емес, конвергентті маман болуға ұмтылғандарға, жан-жақтылықты болуға талпындарға, шығармашылық қырларын шыңдағысы келген жандарға керемет практикалыш сабақ болды», – деді Айзере Орымбай, «Visual-журналистика» тренингінің қатысушысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: