«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 425.59 (-2.48)

  • EUR: 505.43 (-2.18)

  • RUB: 5.61 (-0.01)

Қазақстанда қандай көліктер жиі сатылады?

22.09.2020, 17:30 178 0

HALYQLINE.KZ «Жыл басынан бері Қазақстанда 45 мың автомобиль шығарылды. Олардың 5 мыңға жуығы Ресей, Беларусь және Өзбекстанға экспортқа жіберілді» деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Тамыз айында отандық автодилерлер жалпы сомасы 94,4 млрд теңгеге 8 639 жеңіл автокөлік пен коммерциялық техниканы, сондай-ақ 1 112 жүк көлігі мен автобус сатты. Бұл өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 49,8% көп.

«Барлық сатылымдардың 67%-дан астамын бес түрлі марка құрайды. Бұл айда жеңіл автомобильдердің ішінде Hyundai маркалы көліктер ең көп сатылып, 1697-ге жетті. Бұл биылғы шілде айымен салыстырғанда 37,1% көп. Екінші орында 1642 көрсеткішпен Lada автокөлігі тұр. Нарыққа наурызда оралған Chevrolet автокөліктерінің тамызда 1279-ы сатылып, 258% өсім көрсетті. Төртінші орында 1173 данасы сатылған Toyota автокөлігі. Өсім +38% құрады» – делінген хабарламада.

B сыныпты қолжетімді локализацияланған үлгілеріне сұраныс бұрынғысынша артып келеді. Тамызда осы сегменттің бір бөлігін алатын Қостанайда құрастырылған Ravon автомобильдерінің 817 данасы сатылды. Алтыншы орында тұрған Kia көліктерінің 587-сі өткен айда сатылды. JAC дилерлері 408 автомобиль сатты. (+148,8%). Тамыз айында сегізінші орынға Volkswagen автомобильдері жайғасты. 281 данасы сатылып, +24,3% өсім көрсетті. Алғашқы ондықты түйіндейтін Nissan және Renault маркалары тиісінше 247 және 215 бірлікті құрап, 22,3% және 18,1% артқан.

Жеңіл модельдер бойынша тамызда 730 бірлігі сатылған Ravon Nexia R3 седан көш бастап тұр. 

Екінші орынға алғаш рет Chevrolet Cobalt шықты. Сатылым саны 675-ке жеткен. 

Тамыздың үздік үштігін 608 автомобиль нәтижесімен Lada Vesta түйіндеді.

Төртінші орында – Hyundai Accent (553 бірлік).

Бұдан әрі тізім бойынша: Toyota Camry (486 бірлік), Lada Granta (460 бірлік), Hyundai Tucson (422 бірлік), Kia Rio (343 бірлік), Hyundai Creta (330 бірлік), Lada 4×4 (299 бірлік).

© egemen.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: