Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзарту

23.11.2020, 11:00 817

HALYQLINE.KZ Қайырлы күн, оқырман! Әдеттегідей, аптаны парақшамыздың #oqy&toqy айдарынан бастаймыз. Бүгін біз Қандас мәртебесін ХҚО арқылы алу жолын айтып береміз. Ондай болса, іске сәт.

– Алдымен ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз;

– Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз;

– Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз.

Қандас (Оралман) мәртебесін алу үшін:

– Еркін түрде жазылған өмірбаян;

– Отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлеміндегі екі суреті;

– Мәртебені алушы барлық отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын шетелдік құжаттарының аудармасының нотариалды расталған көшірмесі.

Мәртебені ұзарту үшін осы құжаттармен қоса:

– Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхат

– Өтініш беріледі

Мәртебе мерзімі:

– Мәртебе 1 жылға жарамды. Бұл мерзім бітерде ҚР азаматтығын алу үшін өтініш бересіз немесе мәртебені ұзартуыңыз қажет болады.

– Мәртебені ұзарту мерзімі 6 айды құрайды. Мерзім өткен соң, қайта ұзартасыз немесе мәртебені алуға өтініш бересіз.

Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есептемегенде:

– Мәртебені алу – 15 жұмыс күні

– Мәртебені ұзарту – 5 жұмыс күні

Ескерту! Сурет пен өмірбаяннан басқа құжат, мәліметтер тексерілгеннен кейін, өтініш берушіге қайта қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ ХҚО операторынан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты алуды ұмытпаңыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: