Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі мұнайшыларды мерекесімен құттықтады

06.09.2020, 10:30 1223

Құрметті Мұнай-газ кешенінің қызметкерлері және сала ардагерлері!

Ел ырысын еңбекпен еселеген мұнайшылар баршаңызды бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін арттыруда септігі мол – жауапты сала мамандарының еңбегін ұлықтайтын күн.

Мұнай-газ кешені – өңіріміздің ғана емес егемен еліміздің әл-ауқатының іргетасы, әлеуметтік саланы дамытудың негізгі драйверлерінің бірі, өнеркәсібін өрге сүйрейтін локомотиві. Сол себепті мемлекетіміздің қуатты жүйесі қазақстандық экономикада елеулі рөл атқарады.

Жері бай, даласы дарқан, несібесі мол Қызылорданың өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігі – мұнай өндіруге тиесілі. Қойнауы қазынаға толы Тұран төрінен мұнай кен орындарының табылуы өлке тірлігін түлетіп, өңірдің өндірістік және экономикалық дамуына дем берді. Тәуелсіздік жылдарында аймақ мұнайшылары қыруар жұмыстар атқарды. Қара алтынды халық игілігіне жарату жолында, қажырлы еңбек етіп, саланың дамуы мен ілгерілеуіне серпін берді. Ауыр жұмыстың басында, бейнеттің бел ортасында жүрген Сыр мұнайшыларының еңбегі ерен.

Қадірлі мұнайшылар!

Шырайлы, мұнайлы өлкеміздің өсіп-өркендеуі мен аймақ экономикасының локомотиві саналатын мұнай-газ саласынының қарқынды дамуына қосқан зор үлестеріңіз бен ел байлығын еселеу жолындағы елеулі еңбектеріңіз үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толайым табыс, кәсіби жетістіктер тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Қызылорда қаласының әкімі

Н.Нәлібаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: