Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Партия құрамына салтанатты түрде қабылданды

30.11.2020, 21:00 272

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалында бірқатар азаматтар партия мүшелігіне қабылданды. Олардың қатарын әртүрлі сала өкілдері құрайды.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Nur Otan» партиясының қатарына мұғалімдер, дәрігерлер және кәсіпкерлер қабылданды.

  • Алдымен сіздерді ҚР Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Сондай-ақ, мереке қарсаңында мүшелікке қабылданғандарды партия жұмысын жүйелі жүргізуге сүбелі үлестерін қосатындарына сенім білдіремін, – деді «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов.
    Сондай-ақ, жаңадан мүшелікке енгендер алдағы уақытта партияның стратегиялық бағдарламасының жоғары деңгейде орындалуына септіктерін тигізетіндерін атап өтті.
    Естеріңізге сала кетейік, бүгінде «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалында 8554 партия мүшесі мен 36 бастауыш партия ұйымы тіркелген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: