Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Отбасы банкі» қазақстандықтарға қандай кеңес берді?

28.01.2021, 15:30 784

HALYQLINE.KZ «Отбасы банк» біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, ипотекасыз толық сатып алуға байланысты кеңес берді. Сатып алу-сату шартын рәсімдеу мерзіміне назар аудару керегі ескертілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Отбасы банк» зейнетақы жинағына тұрғын үй сатып алғысы келетіндер үшін кеңесін Instagram желісінде жариялады.

  • Сатушыға кепілпұлды (алғашқы төлем/пәтер құнының бір бөлігі) бір жолғы зейнетақы төлемдері арнайы шотыңызға түскеннен кейін ғана беруге кеңес береміз.
  • Сатып алу-сату шартын рәсімдеу күні нотариусқа Арнайы шоттыңыздың үзінді көшірмесін көрсетіңіз. Күні мен уақыты көрсетілген үзінді көшірмені ЖССБ 24 мобильді қосымшасынан жүктеп алуға болады.
  • Зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып сатып алу-сату шарттарын рәсімдеген кезде Қазақстан нотариустары соманың екінші бөлігі БЖЗҚ-нан арнайы шотқа қаражат түскеннен кейін ғана сатушының жеке шотына түсетінін көрсетеді.

«Осыған байланысты, сіздердің арнайы шоттарыңызға ақша түскеннен кейін ғана сатушымен мәміле шартына қол қоюға ұсынамыз. 

БЖЗҚ-дан сіздің шотыңызға қаражат түскеннен кейін, баспана іздеуге, сатып алу-сату шартын жасауға және оны www.enpf-otbasy.kz платформасына сканерленген түрін салу үшін, және сатушының сатып алу-сату шартында көрсетілген деректемері бойынша қаражат аударуға 45 жұмыс күні беріледі.

Отбасы банкі – мақсатты қолданылуы бойынша тапсырылған құжаттарды 10 жұмыс күні ішінде тексеріп, біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсаты бойынша аударады.

Баспананы «Ипотекасыз толық сатып алу» мақсатын таңдаған кезде «5 жыл иеліктен шығаруға шеутеу» қолданылмайды, яғни болашақта сіз сатып алынған тұрғын үйді шектеусіз басқара аласыз.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша барлық шара тек қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады», – делінген банк хабарламасында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: