«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (0)

  • EUR: 505.25 (0)

  • RUB: 5.59 (0)

Оңталап Нұрмаханов: «Қорқыт-қобыз» әні бір жылдай тартпада жатты»

24.01.2020, 9:01 581 2

Белгілі композитор Рамазан Тайманов пианинода бір ән орындап берген еді, “Оңеке, осыған бір сөз жазу керек” деп. Музыканы тыңдап отырып “Қорқыт” деген­ дауысты естідім. Соны үйге барып жазып әкелдім. Ол “Қорқытың не?” дейді. Әнге орай басқаша жазуға болады ғой. Мысалы, “махаббатым өзің” деген секілді етіп. Содан не керек, ол өлең бір жылдай керексіз  жағдайда  тартпада  жатты. Келе­сі жылы «Қорқыт жылы» болып белгіленді. Қорқытқа өлең, ән керек болды. Сонда әлгі өлең есімізге түсті. Ән сәтті шығып, әлемді аралап  кетті. Шетелде де айтылып жүр дегенді­  естідім. “Азия дауысынан” бірінші орын алды. Ақын, композитор, әнші үшеумізге де бәйге берді. Жалпы, Қорқыт әлемі жаныма жақын. Шығармашылық адамының формалық жеке сөздері болады. Менікі – күн мен түн, Қорқыт пен теңіз. Осы төртеуі өлеңдерімде тоғыса береді.

Ақын, режиссер, сценарист Оңталап Нұрмахановтың

«Түсіне білетін болса, билікке көп нәрсе айттым»

атты сұхбатынан үзінді.

Пікірлер:
  • Оңталап -менің кластасым. Мектептен екеуіміз екі кластың ақыны атандық. Сөйтіп, өмірге жолдама алдық. Ол өзі ырзығын, өз қызығын жалғастырып келеді.Өскеніне қуанамын. Үнемі өсумен келеді. Кітаптары шықты. Өзіңің шығар биігі бар, салиқалы ойы қалыптасқан, ізденпаз, жаңашыл өнер адамы. Оның аты шықса ,мен қуанып отырамын.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: