• USD: 445.84

  • EUR: 490.47

  • RUB: 5.73

Нұр-Сұлтан мен Алматыда тағы бірнеше адамнан коронавирус табылды

26.03.2020, 9:31 74 0

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 26 наурызда таңертең Нұр-Сұлтанда — бес адам, Алматыда екі адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.

Осылайша коронавирус жұқтырғандар саны тағы жеті адамға көбейіп, жалпы саны 88 адам болды. Алматыда — 34 адам, Нұр-Сұлтанда — 44 адам, Қарағандыда — екі адам, Шымкентте — екі адам, Алматы облысында — бір адам, Ақтөбе облысында — бір адам, Жамбыл облысында — бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам емделіп жатыр.

25 наурызда Қазақстан үкіметі екі адам дертінен айыққанын хабарлаған.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, қазір әлемде 470 мыңнан астам адам вирус жұқтырды. 21 мыңнан астам адам қаза болды. 114 мыңнан астам адам дертінен айықты.

centralasian.org

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: