Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұрат Ергешбаев: «Құрмет бір күннің аясында шектеліп қалмайды»

02.10.2020, 10:10 688

HALYQLINE.KZ Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев халықаралық қарттар күніне орай Қазалы қаласының ардагерлерін де мерекелерімен құттықтады.

– Баршаңызды бүгінгі халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Осы күн Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1990 жылғы қаулысымен арнайы белгіленген болатын. Содан бері мереке елімізде кеңінен аталып өтіліп келеді. Негізінен бұл күн аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және қамқорлық көрсететін сәт болып табылады. Әрине, үлкендерге деген сый-құрметтің бір күннің аясында шектеліп қалмасы анық, – деген Мұрат Нәлхожаұлы ардагерлерге сый-сияпат жасады.

Бұл күні Қазалы қаласындағы мәдениет үйінде ардагерлер арасында спорттың дойбы, шахмат және бильярд түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Аудан басшысы бильярдтан өткен жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Айта кетейік, жақында ардагерлер арасында бұқаралық спортты дамыту үшін Қазалы қаласындағы ардагерлердің ұсынысына сәйкес бильярд столы сатып алынды. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың қолдауымен алынған бильярд столы қазіргі таңда қалалық мәдениет үйіне орналастырылды. Мұнда Қазалы қаласының ардагерлері бас қосып, өздерінің бос уақытын тиімді өткізгендеріне дән риза. Сондықтан да, халықаралық қарттар күніне орай ардагерлерге керемет сыйлық ұсынған аудан басшысына ардагерлер алғысын жаудырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: