Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мерзімі өткен құжаттарды 10 шілдеге дейін ауыстыруға болады

13.05.2020, 10:14 369

HALYQLINE.KZ –| Елімізде төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты 26 наурыздан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын уақытша тоқтатқан болатын. Осы ретте, жеке басты куәландыратын құжаттарды қайта ресімдеу бойынша бірқатар мемлекеттік қызметтер де көрсетілмеді.

ҚР Ішкі істер министрлігі атап өткендай, төтенше жағдайға байланысты үкімет азаматтардың кейбір құжаттарын жарамды деп тану туралы қаулы қабылдаған болатын.

– Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы ҚР Заңының 6-бабында көрсетілген «жеке басты куәландыратын құжаттар»;

– Жүргізуші куәліктері, оның ішінде уақытша, міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктер;

– Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсат куәліктері;

– Келуге және кетуге рұқсат (визалар), ҚР уақытша және тұрақты тұруға рұқсат, еңбекші көшіп келушіге және жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат, пана іздеген адамның куәлігі.

Осы жоғарыда аталған құжаттардың мерзімдері өтіп кеткен болса, төтенше жағдай мерзімі аяқталған уақыттан бастап күнтізбелік 60 күн ішінде, яғни 10 шілдеге дейін жарамды деп танылды.

Төтенше жағдай кезеңінде 16 жасқа толған кездегі жеке басын куәландыратын құжат, туу туралы куәлік және ҚР азаматының паспорты алынбаған», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мерзімі өткен құжаттарды ауыстыру 10 шілдеге дейін ешқандай айыппұлсыз жүзеге асырылады. Облыс тұрғындары аталмыш құжаттарды 18 мамыр күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына қарасты Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылған соң алдын-ала кезекті брондау арқылы жасата алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: