Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Мемлекеттік тіл» альянсын құру керек!

23.10.2020, 10:30 763

ҚР Президенті Қ.Токаевқа,
ҚР Премьер-Министр А.Маминге,
ҚР Бас прокуроры Г.Нурдаулетовке,
ҚР Сенат төрағасы М.Ашимбаевқа,
ҚР Мәжіліс төрағасы Н.Нигматуллинге.
«Нұр Отан» партиясына.

«Мемлекеттік қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, әр салада қолдануын талап ету және қазақтілді тұтынушылардың дискриминациясын тоқтату»
Митингісінде қабылданған Қарар

1. ҚР Конституциясының 7-бабы, 2-тармағын алып тастау;

Себебі Ата Заңымызда 7-баптың 2-ші тармағында: «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми тілде қазақ тілімен тең қолданады» деп жазылғаны еліміздегі қалған 128 ұлттың тілдерін менсінбеу және кемсіту деп бағаланады.

Нақ қазір мүмкіндік болмаса, 2 тармағына, жалғыз орыс тілі ҚР территориясында қолданылмайды деп нақтылайтын өзгеріс еңгізу.

2. ҚР Үкіметіне, ҚР Парламентіне мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау;

3. Мемлекеттік тілді білмейтін, аудармашысыз жұмыс атқара алмайтын қызметкерлерді мемқызметке алуға тиым салу;

4. ҚР Тіл туралы заңындағы: «Мемлекеттік тілді меңгеру ҚР әрбір азаматының парызы» деген 4-бапты: «Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР әрбір азаматының міндеті» деп ауыстыру;

5. Мемлекеттік тапсырыс, сатып алу арқылы қызмет көрсетушілердің тендерлерінің «техспецификациясына», лицензия және басқа да рұқсатнама құжаттарына: «Қандай да болмасын, қызмет міндетті түрде мемлекетік тілде бірінші кезекте болуы керек» деген нұсқау жазылуын қамтамасыз ету;

6. Отандық телеарналарда, әртүрлі жастағы балаларға арналған сапалы, мазмұнды, кішкентайларға арналған қызықты қазақтілді контентпен қамтамасыз ету;

7. Апта сайын телеарналарда: «Мемлекеттік тілді білу – ҚР территориясындағы әр азаматтының парызы», «Орыс тілділердің орыс тілінде қызмет алуға қандай құқы болса, бірінші кезекте дәл сондай құқық қазақ тілділерде де бар» деген бағытта насихат жүргізу;

8. Мемлекеттік органдар мен ҚР субъектілерінің тек орыс тілінде құжат, бланкі, ақпарат т.т. беруін доғару;

9. Әр тілдік дискриминация фактілері бойынша, конституцияға сәйкес, ӘК бойынша шара қолдануды міндеттеу. Бұл функцияны Прокуратура мен Тіл басқармаларына және полицияға беру нормасын қарастыру;

10. Қазақтілділердің құқығы өрескел бұзылуы тиылмағандықтан Мемлекеттік тіл альянсын құруды ұсынамыз. Оның қатарына БАҚ өкілдері, Қоғамдық ұйымдар, Тіл комитеті, Мемлекеттік қызмет істер агентігінің өкілдері кіреді. Осы альянс барлық заң бұзушылықты жүйелі түрде заң аясында, сот арқылы шешу міндетін атқарады.

Қарарды тапсырушы Руза Бейсенбайтегі

Abai.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: