Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алуға шақырды

17.03.2020, 16:12 428

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді. Ол вирустың таралу қаупі алдында цифрландырудың инфекцияны алдын алу мен қорғанудың тиімді шараларының бірі екенін атап өтті.

«Цифрлық инновациялар көптеген мүмкіндікке жол ашады, ресурстарды үнемдейді, өмірімізді жеңілдетеді. Көп нәрсені бүгінде онлайн тындыруға, тауарларға тапсырыс беруге, төлемдерді, салықты, айыппұлдарды өтеуге, тіпті құжаттар мен мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алуға болады. Мұның барлығы – цифрлы технологиялардың арқасы», – деп атап өтті ол өз жазбасында.

Осылайша, Балташева «Цифрлы мен» акциясының басталғанын мәлімдеп, қазақстандықтарды бір-бірімен өздерінің пайдаланып жүрген цифрлық жаңашылдықтарымен бөлісуге шақырды. Мәселен, корпорация төрайымы ХҚО-ға тек жұмыс бабымен баратынын, ал қажетті құжаттар мен анықтамаларды алу үшін egov.kz пайдаланатынын, қазақ-түрік лицейінде оқитын ұлының үлгерімін edypage арқылы тексеретінін айтты. Ол сонымен қатар театр мен ұшаққа билеттерді интернетте сатып алатынын жазды. Пост авторы электронды түрде үйіне азық-түлік алдыртып, кітапқа тапсырыс бере алатынын да қосып өтті.

Айта кетейік, Әсемгүл Балташева эстафетаны ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсинаға, ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаевқа және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысовқа тапсырды, осылайша олар өздерінің цифрлық дағдыларын қазақстандықтармен бөлісе алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: