Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Театрдың жаңа маусымы ашылды

09.10.2020, 18:30 545

HALYQLINE.KZ Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры 66-шы маусымын бастады. Бұл жылы сахна шымылдығы Ерсайын Төлеубайдың «Абай» қойылымымен түрілді. Карантинге байланысты театрға 50 адамнан артық көрермен кіргізілмейді. Бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек. Театр өткен маусымда Антон Чеховтың «Күзгі раушан гүлдері», Дулат Исабековтың «Құстар фестивалі», Исраил Сапарбайдың «Ауылдан келген ару», Марк Камолеттидің «Отбасы ойыны» қойылымдарын сәтті сахналаса, биыл жаңа маусымда көрермендер назарына Қайрат Жүнісовтің «Ғашықтар хикаясы» комедиясы және Дулат Исабековтың «Жүз жылдық махаббат» қойылымдарын ұсынады.

«Жаңа маусымда жаңалық көп. Театрдың көркемдік жетекшісі Хұсейн Әмір-Темірдің «Ешкімге керегі жоқ ауыл», Алтын Орданың 750 жылдығына орай Думан Рамазанның «Абылайханның арманы» спектакльдерінің премьерасы қараша айында өткізіледі деп жоспарлануда», – деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова.

«Өткен маусымда театр үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ұлттық мәдениет пен өнерді қалыптастырудағы, дамыту мен насихаттаудағы елеулі үлесі үшін «Академиялық» мәртебе берілді. Бұл жаңалық – Сыр елі мәдениеті мен өнерінің жоғары жетістігі, сала мамандарының тынымсыз еңбектерінің жемісі. Жаңа маусым театр ұжымы үшін мереке. Біз көрерменнің көңілінен шығу үшін үздік деген туындыларымызды сахналайтын боламыз», – деді облыстық театрдың көркемдік жетекшісі Хұсейн Әмір-Темір.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: